Қайта тірілген жігіт
Көзі көрмейтін қарт ананың Сағиб деген баласы болатын. Өмірінің нағыз көктемі болған жастық шағында бұл жігіт Мәдина қаласында орын алған оба дертіне шалдықты.
Бойына ентелей енген бұл дерт жас жігіттің әрбір бүр жарған жапырағын күн сайын солдырды. Ауыр сырқатының зардабымен ұзақ уақыт төсек тартып қалды.
Бір күні осы жігіттің халін білу үшін арнайы үйіне бардық. Өкінішке қарай, қасында отырғанымызда жас жігіт ауыр дертінің себебінен жан тапсырды. Көзін жауып, киімін үстіне жаптық. Арамызда отырған бір кісі қарт анаға:
— Балаңыз үшін дұға жасаңыз! – деді. Кейуана:
— Бірақ ол дүние салды ғой, — деді. Біз ол кісіге:
— Сонда да дұға қылыңыз, — дедік.
Қарт ана осы сөзімізден кейін баласының аяқ жағына отырып:
-Иә, Аллаһым! Мен ішкі қалауыммен Саған иман келтірдім. Сенен қорыққанымнан табынып жүрген пұттарымды тастадым. Сенің разылығың үшін еркіммен қоныс аудардым. Аллаһым! Пұтқа табынушылардың алдында мені масқаралап, күлкіге қалдырма! Күшім жетпейтін бұл жүкті маған жүктеме! – деп дұға жасады.
Аллаға ант етейін, кейуана дұғасын бітірер-бітірместен жас жігіт аяғын қимылдатты. Сосын бетіндегі жапқышты алды. Ол Алла Елшісі (с.ғ.с.) мен қарт ана дүниеден өткенге дейін өмір сүрді. (Хайатус-сахаба)