Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәмелетке толмаған ұлына көлік тізгіндеткен қызылордалыққа 50 АЕК айыппұл салынды

Кәмелетке толмаған ұлына көлік тізгіндеткен қызылордалыққа 50 АЕК айыппұл салынды

Қызылорда облысының 40 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған баласына автокөлікті жүргізуге берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш оқиға «Самара-Шымкент» тас жолының бойында орын алған. 40 жастағы облыс тұрғыны 2003 жылғы баласына көлік жиі жүретін күре жолда машинасын жүргізуге рұқсат берген.
«Бұл жөнінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 128-бабында көрсетілген. Онда «Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту» жағдайы екені көрсетілген. Осыған байланысты Жалағаш аудандық соты 6 ақпанда қаулы шығарды. Қаулы бойынша құқық бұзушы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 128-бабымен кінәлі деп танылды. Оған елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Ол 120 250 теңге шамасында», - деп жазылған Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, құқық бұзушы ата-ана ішкі істер органдарының есебіне алынатын болады.
11 ақпан 2019 ж. 1 177 0

Еңбегімен елге сыйлы

20 мамыр 2025 ж. 23

Ыбырай атаға арнау

20 мамыр 2025 ж. 24

ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ

20 мамыр 2025 ж. 22

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031