10 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" РМК еліміздің басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерде жауын-шашын жауады, тек республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерде көктайғақ, тұман, бұрқасын болып, жел күшейеді.
Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз кей жерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында 20-25 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Жамбыл, Маңгыстау облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсуі мүмкін.