Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қатыгез ана үш жасар қызын бауырларынан айырып жетімдер үйіне тапсырып жіберген

Қатыгез ана үш жасар қызын бауырларынан айырып жетімдер үйіне тапсырып жіберген

Анасының бір күні алып кететініне сенген Аяш Қойболдина жетімдер үйінде тәрбиеленді. Анасы туралы балалар үйінің тәрбиешілерінен ғана естіген деп хабарлайды NUR.KZ.
«Кішкентай кезімнен Алға балалар үйінде тәрбиелендім. Ол жерге 3 жасымда анам апарып тастаған. Балалар үйінде 9 сыныпқа келгенімізде ата-анасына хат жібереді. Менің анама да 9 сыныпты бітірген кезімде «Қызыңды аласың ба?» деп хат жіберді. Анам қарсылық танытты. Сол сәт әлі есімде. Қатты қиналдым. Себебі 9 сыныпқа дейін кездесетін, бірге тұратын күнді күттім. Тағы да кеудемнен итеріп жібергендей болды»,-дейді Аяш Қайболдина.
Аяш есейе келе бауырын тауып, анасына өзі іздеп барған.
«Анам Алға қаласының тұрғыны. Балалар үйінің тәрбиешісі анаммен көрші тұратынын айтты. Оның басқа пападан екі баласы бар екен. Анамды ауруханада көрдім. Менің туған ағам әжемнің тәрбиесінде болған. Ауруханаға іздеп барғанымда сөйлескен жоқпыз. Ол маған дұрыстап та қарамады. Тек теріс қарап жатты",-дейді Аяш.
Биыл теміржол колледжін бітіргелі отырған Аяш оқуын Алматыда жалғастырғысы келеді.
"Өзім сияқты адамдарға көмектескім келеді. Амандық болса деп айтайын, аяққа тұрып жатсам ең бірінші жетім балаларды асырап алуды қолға аламын. Жетім балаларды үй жағдайында тәрбиелегім келеді. Оларға қолымнан келгенше көмектессем деп армандаймын. Жетім бала деген түсінік болмаса екен деген арман бар. Ең жек көретінім балалардың тастанды болып жатқаны. Обал. Ақпараттарда қоқыс арасында, әжетханадан табылды деп айтып жатады. Сол балалардың не кінәсі бар екен? Сондай қатігез адамдар болмаса екен. Жетімдік қиналған кезде сабыр сақтауды үйретеді",-дейді Аяш Қайболдина.
09 маусым 2018 ж. 4 229 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930