Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп оқушысы құрбысын жүріп бара жатқан автобустың астына итеріп жіберді (видео)

Мектеп оқушысы құрбысын жүріп бара жатқан автобустың астына итеріп жіберді (видео)

Мектеп оқушысы көшеде келе жатып ойнаймын деп құрбысын жүріп бара жатқан автобустың астына итеріп жіберді, деп хабарлайды ERNUR.KZ life.ru-ға сілтеме жасап.
Оқиға Полшаның Чеховице-Дзедзице қаласында болған. 17 жастағы қыз жол бойында келе жатып құрбысымен ойнаймын деп, жүріп келе жатқан автобусқа қарай итеріп жібереді. Бойжеткеннің бұл әрекеті сол маңдағы бейне бақылау камерасына түсіп қалған.
Оны байқаған автобус жүргізушісі дереу полиция мен жедел жәрдем қызметін шақырады. Қызға сол жерде медициналық көмек көрсетіліп, ал оны қоғамдық көлік доңғалағының астына итеріп жіберген құрбысына 300 злотый (29 мың теңге шамасында) көлемінде айыппұл салынған. Dziennik Zachodni газетінің мәліметінше, қыз бұл ісі үшін абақтыға қамалуы мүмкін.
21 сәуір 2018 ж. 2 616 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930