Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Той кезінде құлап-жығылып қалыңдықтың гүліне таласқан бойжеткендер жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Той кезінде құлап-жығылып қалыңдықтың гүліне таласқан бойжеткендер жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Өз теңін тауып, бір шаңырақтың отанасы болуды армандайтын қыздардың көбі қалыңдықтың гүлін қағып алып, бақытты болатынына сенетін тәрізді. Себебі бүгінде бойжеткендердің қалыңдықтың гүлін қағып алу үшін бір-бірімен таласып жатқан сәтінің видеолары көптеп тарауда, деп хабарлайды Stan.kz.
Желіде бойжеткендердің гүлге таласып қалған сәті көрініс тапқан кезекті видео пайда болды.
Видео кадрларынан байқалғандай, тойда қалыңдық қолындағы гүлін лақтырғаннан кейін, артында тұрған қыздар гүлге ұмтылып, құлап-жығылып, бір-бірімен таласып қалды. Гүлді әрі-бері жұлқылаған қыздар оның парша-паршасын шығарды. Мұнан кейін гүлді өзге “бақталастарының” қолынан жұлып алған бойжеткен қасындағы қыздардың бірін гүлмен салып жібереді. Тіпті, олар залда отырған қонақтардан, жасы үлкен қариялардан да именген жоқ.
Өз кезегінде желі қолданушылары да бойжеткендердің ерсі қылығын ұнатпай қалды. «Қазақтың қыздары үшін масқара ғой», «Ұят қой. Соншама не болды? Тұрмысқа шығу гүлге байланысты емес. Бәрі Алланың қалауымен болады», «Қазақтың қыздары не болып бара жатыр? Отырып қалсаңдар да, кезі-келгенде тұрмысқа шығасыңдар ғой», – деп сөгіп тастады желі қолданушылары.
26 наурыз 2018 ж. 1 615 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 69

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930