Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әже насихаты

Әже насихаты

Қарт әже қаладағы баласының үйіне 3-4 күнге қонаққа келген еді. Күн ауа бастағанда келіні залда отырған апасы мен немересіне:
– Келіңіздер, тамақ дайын, суытпай ішіп алыңыздар – деді. Бала әжесінің әлі отырғанын байқап: «Әжетайым, жүріңіз тамақ ішейік», – деді. Әжесі ренішті түрде:
– Үйдің еркегі келмей тұрып дастарқанға отыру дұрыс емес. Қазір әкең келсін, бірге отырып ішеміз – деді. Келіні:
– Апа, ол бұрыннан қалған әдет, қазір қарны ашқан адам дастарқанға отырып, тамағын жей береді – деді.
– Қызым, адамдардың әдебі, ар-намысы болатынындай, үйдің де әдеп-тәртібі болады, – деген сөзі ерсі көрінген немересі мырс етіп:
– Әжетайым, үйдің әдебі қандай болады екен? Бізге айтып берсеңізші онда, – деді. Әжесі сөзін жалғап:
– Біз кішкентай кезімізде анамыздан бұрын әкеміздің қасында әдепті болуды үйрендік. Үйде үлкендер бар кезде аяғымызды созып отырмайтынбыз және үлкендер сөйлеп жатқанда бізге сөз кезегі берілмейінше сөзге араласпадық. «Бисмилләһпен» бастап «Қане, тамақтан алыңдар» деген ғана бастайтын едік. Астан кейін дастарқан дұғасын кезектесіп оқитынбыз. Ешбір тамақ, отбасыңмен бірге отырып жегендей болмайды. Осы нәрселер дастарқанның әдебі болып саналады, балам – деді. Немересі:
– Әжетай, осыншама қысымнан стреске түспейтін бе едіңіздер? – деді. Әжесі:
– Жоқ, бұл қысым емес, бір-бірімізге деген сый-құрмет болғандықтан өзара сүйіспеншілігіміз қуатты болатын. Бір-бірімізге деген махаббат болғандықтан, бұдан ешкім стреске түспейді.
Тағамдар дәмді, ұйқылар тынық болатын. Сенесің бе, Мен алғаш рет «стресс» сөзін осы жерде естідім. Біздің ауылымызда ақыл-есінен айырылған бір кісі бар еді. Барлығы оны жынды дейтін. Тіпті ол да өміріне бақытты еді. Оның өміріне ризалығы соншалық, айтып түсіндіре алмаймын. Кешке дейін көшеде балалармен ойнайтын. Қарны ашқан кезде кез-келген үйдің есігін қағып:
«Менің қарным ашты, жейтін нәрсе беріңдерші!» дейтін. Қай үйге кірсе де қолы бос шықпайтын. Шашы өсіп кеткенде бір шаштараз шашын алып, моншашы жуындырып қоятын. Жұма күндері қолынан ұстап, намазға да ертіп апаратын. Яғни, ешкім оны шеттетпейтін. Қазір болса ешнәрсеге құрмет көрсетілмейді. Қараңдар бұл қалада тіпті үйлерге де құрмет көрсетілмейді. Кеш батқанда ешкім үйінің перделерін жаппайды, үйінің іші көрініп тұрғанынан ешкім ұялмайды. Ал біз қараңғы түспей тұрып-ақ қалың перделерімізбен жауып, содан соң үйдің жарығын қосатын едік. Киім ауыстырар кезде, тіпті, перделер жабық болса да ұяттылығымыздан жарықты сөндіріп, жерге отыратынбыз. Сырттан қарағанда көлеңкеміздің көрінетінін ойласақ, жүзімізден от шығардай қызаратынбыз.
Сол мезетте келіні орнынан тұрып, залдың пердесін жапты.
– Үйдің әдебі пердесінің жабылып, жабылмағанынан белгілі болады, – дейді аталарымыз. Үйлер биік-биік дуалдармен қоршалған болса да жуылған іш киімдерін аулаға іліп қоюға үйіндегі адамдардан ұялатынбыз. Кеше таза ауамен тыныстайын деп балконға шықсам, қарсыдағы көрші іш киімдерін балконына жайып қойыпты. Мен мұны көріп, ұялғанымнан үйге кіріп кеттім. Әдебімізден, ар-намысымыздан айырылсақ, иманымыздан да айырыламыз.
Қазіргі күнде көбісі көшеде тамақтанады. «Көз ақысы» деген нәрсе бар. Адамдар базардан алған заттарын іші көрініп тұратын пакеттерге салып, үйіне алып келеді. Бұл заттарды алуға жағдайы келмейтін адамдар бар, көз ақысы өтеді, қызғаншақтық, көре алмаушылық пайда болады. Бұған мән беріп жатқан ешкім жоқ. Әркімнің көзі түскен мұндай тағамдарда шипа болмайды. Пайғамбарымыз: «Жасаған тағамдарыңның иісімен көршілеріңді мазаламаңдар» деген. Қазіргі таңда адамдар тағамдардың иісін шығарып, оларды баршаға көрсету арқылы айналадағы адамдардың мазасын алады. Әрине әлгі желінген тағамдардан азапталады. Кейін «стресс» деп дәрігерлерге барады. Үйдің тағы бір әдебі бар, ең маңыздысы да осы болса керек. Үйдің ішінде болып жатқан ұрыс-керістер, әртүрлі жағдайлар сыртқа шықпауы тиіс. Бұл да үйдің әдептерінен бірі болып саналады. Сондықтан бұрын келеңсіздіктер үйдің ішінде оңай шешілетін еді. Онсызда сүйікті пайғамбарымыз әсіресе ерлі-зайыптылардың арасында болатын ұрыс-керістерді сыртқа жаюдың үлкен күнә екендігін қаншама рет айтқан, солай емес пе, Айсұлу! – деп келініне қарады әже. Келіні ұялғанынан: «Иә, анашым», деп жауап берді.
– Әжетайым, қазір фейсбук, инстаграм деген нәрсе шыққан. Адамдар барған кафелерін, жеген тағамдарын суретке түсіріп, мыңдаған достарына көрсетеді. Қыдырған жерлерін, жеген тағамдарын, ішкен сусындарын, сатып алған киім-кешектерін де суретке түсіріп, достарымен бөліседі – деді немересі.
– Не деген сұмдық. Адам жеген тағамдарын көрсете ме? – деді әжесі. – Балам, не айтып тұрсың? «Қиямет қайым басталды десеңші» деп көз жасын сүртіп, сөзін жалғастырды. – Біз күйеуіміздің жанында жүруге ұялатын едік. Қаншама жесір қалған әйелдер, тұрмыс құра алмаған қыздар бар. Олардың көңіл жараларына тұз баспайық деп ерімізден бір қадам артта жүретінбіз. Қазір ұрыс-керіс те, жақсы көру де адамдардың көз алдында. Әрине құпиялық қалмаған соң, адалдық та қалмайды. Үйдің берекесі – үлкендерге құрмет көрсетуде. Үйдің әдебі – жабылған перделерде. Махаббаттың әдебі – жасырын болуда, көздің әдебі – қабақтарында. Дененің әдебі – оранған, киінген болуында. Ал ұят – иманнан. Мен сендерге анамның айтып берген бір ғибратты оқиғасын баяндап берейін. Негізінде бұл бір хадис құдси: «Алла Тағала Адамды жаратқан кезде Жәбірейіл оған үш сыйлық алып келеді. Ілім, ұят және ақыл. Алла Тағала оған:
«Ей Адам! Осылардан қалағаныңды таңда!» – дейді. Адам ақылды таңдайды. Жәбірейіл ұят пен ілімге орындарына қайтуын әмір етеді. Сонда ұят пен ілім былай деп жауап береді: «Біз рухтар әлемінде бірге едік. Бір-бірімізден ешқашан айрылмаймыз. Рухтар денелерге кіргеннен кейін де бірге боламыз. Ақыл қайда болса біз де сондамыз» – дейді. Жәбірейіл: «Олай болса орындарыңа орналасыңдар!», – деп әмір еткен кезде, ақыл миға, ілім көңілге (жүрекке), ал ұят көзге орналасады». Осы хадис құдсиде де айтылғандай, ұяттың орны – көз. Сондықтан әрі көзімізді қорғау керек, әрі көзге түсетін нәрселерді де бақылауда ұстау керек», – деді әжесі.
– Дұрыс айтасыз, анашым, біз әдебімізді жоғалтқандықтан, қиыншылықтарға тап болдық, – деді келіні. Немересі қасығын үстелге қойып: «Мен тамақты әкем келгенде ішемін, анашым» – деді. Әжесі де айтқан сөздерінің балаларына әсер еткендігін көріп, Аллаға шүкір етті.

Ашық дереккөзден
14 қыркүйек 2021 ж. 17 181 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 67

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930