Жаңа қаулы қабылданды
Ертеңнен бастап азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, сұлулық салон, шаштараз; супермаркет, гипермаркет, ашық базарлар, азық-түлік емес дүкендер, сауна, спа-орталық, монша, спорттық-сауықтыру, сауда-ойын-сауық, балалар мен ересектердің білім беру, бизнес орталықтары, кинотеатрлар өздерінің штаттық режимдегі уақыты бойынша жұмыс жасайтын болады. Жаңа қаулыны таныстырған Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова осылай деп мәлімдеді.
2021 жылдың №1 Қаулыға сәйкес келесі кальянды пайдалануға, ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды, оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды, букмекерлік кеңсе, балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне, спортшылардың өзге елдегі жарысқа қатысуына шектеу шаралары сақталады.
Ал жолаушылар поездарына, ашық ауадағы жаттығуға, Ұлттық құрама, клуб командаларының спорттық жаттығуларына, қаржы ұйымдарына, көрермендердің қатысуынсыз, бір мезгілде 100 адамнан асырмай республикалық жарыстарды өткізуге, бір мезгілде 30 адамнан асырмай, облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізуге рұқсат беріледі.
Басты өзгеріс білім саласына қатысты. Оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап, контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін дәстүрлі форматта оқуға, сыныптарды 15 баладан асырмай, ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін қоса алғанда кезекші сыныптарда оқытуға, оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан оқытуға, білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат берілді.
Екінші семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін штаттық оқытуға көшеді.
Қаулы 2021 жылдың «06» қантар 00 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.