Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қадыр Мырза Әлидің афоризмдерінен

Қадыр Мырза Әлидің афоризмдерінен

«Аула қақпасынан басталады, Отан отбасынан басталады»
«Азаматқа қалпынан қымбат нәрсе жоқ, қалпына салтынан қымбат нәрсе жоқ»
«Үйленбеген еркек есін жимай өтеді».
«Ауылда туысқандар тұрады, қалада жұғысқандар тұрады».
«Әйелді төбеңе шығарма, өзі-ақ шығады».
«Өз тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін».
«Қанатты сөз миниюбка сияқты, одан әрі қысқарса, абыройың ашылады».
«Шындықтан қашқан шырғалаңға тап болады»
«Адам боп туу – анадан, Айуан боп кету – өзіңнен!»
«Еуропа ондаған халықты отарласа, темекі мен есірткі Еуропаны отарлады».
"Мансапқорлар кресло үшін ар-ожданын да, намысын да сатып жүре береді".
"Біреуге жақсылық жасау үшін әкім болу, бастық болу міндетті емес".
"Ақиқаттың өзін өтіріктің аузымен айтады".
"Адамзаттың басты қасреті – ол бүгін әділдіктен кетіп қалған".
"Адам алысқа қараймын деп, жақындағысын көрмейді".
"Ауыздан шықпай іште тұншыққан шындық шеменеге айналады. Дерттің жаманы – сол. ОЛ адамды тірілей өлтіреді".
"Дүние – мүлік, әсіресе байлық – көздің құрты. Ал сол байлықтардың ішінде кітапқа жететін бірдеңе бар дегенге өз басым сене алмаймын".
"Өз бағаңды көтеру үшін біреудің бағасын түсіріп керегі жоқ".
"Көп көрмеген көп біліп жарытпайды".
"Көкжиегің кең болмай көп көрмейсің".
"Алысты аңсау, оның ар жағында не бар екен деп аласұру адам баласына құдай берген қасиет".
«Өзіне — өзі қанағаттанбау – жақсы қасиет».
"Көлігі бардың қашанда өрісі кең". 
"Түрлі адамдар түрліше күн көреді",
Біреулер су, біреулер у береді.
Сен өмірге келіп те үлгермейсің,
Біреу сені жамандап үлгереді".


22 қыркүйек 2020 ж. 1 854 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 178

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 166

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 159

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 170

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930