Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бір түп шие

Бір түп шие

Кисловодскіде Анна мама мен менен екі жас үлкен Света құшақ жая қарсы алды. «Ой, Айнура» деген Светаға:
– Света, «Айнура!» емес, Айнұры – луч луны. Бұл есімді Айкаға мен қойғанмын, – деді Анна таза қазақ тілінде.

Шынында Анна мама менің кіндік шешем болатын. Ол кезде Володия аға, менің әкем бәрі әскери бөлімшеде тұрған. Әкем әскери училищені, Володия ағай мединститутты бітіріп офицер шенінде бірге қызмет жасаған. Анам маған аяғы ауыр, ал Володия ағай мен Анна маманың екі жасар қызы болған.
Бір күні әкем мен Володия ағай жауынгерлердің кезекті далалық жаттығуына кеткенде анам босанатын болды. Анна мама медсестра. Орталыққа жедел жәрдемге рация арқылы хабарласады. Біздер тұрып жатқан далалық бөлімше біраз қашықтықтағы құм қойнауында болса керек. Анамның қиналып жатқанын көрген Анна мама жөндеуде тұрған бес адамдық «Уаз» автомашинасының жүргізушісіне өтініш айтып, анамды жедел жәрдемнің алдынан алып шығуға көндіреді. Өйткені басқа көліктер жаттығуға кеткен. Құдай оңдап сол күні ай сүттей жарық болады. Рациямен хабарласып отырып жедел жәрдемге жақындап қалған кезде анам шыдамай босанатын халге келеді де, машинадан түсіріп, айдың жарығымен өзі босандырып, кіндігімді кесіп, ақ жаймаға орап жатқан кезде жедел жәрдем де жетеді. Уазды кейін қайтарып, Анна мама анаммен аруханаға кетеді. Кейін маған ат қоятын кезде кіндік мамам:
– Бұл дүние есігін айдың нұры түсіп ашқан бала. Сондықтан аты – Айнұры болады. Туу туралы куәлікте «Айнұр» болып кетпесін, – деп әкем мен анама қатты тапсырады.
Сонымен Володия аға мен Анна маманың қолында жүріп институтты бітірдім. Бір жарым жылдан соң оқуымнан қалмай жүріп емделіп, аурудан құлан-таза айықтым. Үшінші курстан соң оқудан қол үзбей жүріп шипажай, ауруханаларда медсестра болып қызмет жасадым. Елге сирек келдім. Анам: «Қызым, басқа ұлттың етегінен ұстаушы болма» деп бастайтын хат жолдарын. Ондай сәтте есіме Емеш түсетін. Біз анттасқан да, серттескен де, тіптен сүйем-күйем деген де емеспіз. Бірақ Емеш есіме түссе, белгісіз бір сезім бейлеп, жүрегім елжіреп кететін.
Бұл жақта басқа ұлттар ортасында болғасын ба, әлде анамның сөзінің әсері ме махаббат, үйлену туралы ойламаппын. Өткенде санаторияға алматылық екі қазақ жігіті демалуға келді. Жерлес деп іш тарттым. Қанша дегенмен қанға тартпай тұрмайды екенсің. Оларда қарындасымыз деп бәйек болды. Екеуі де әжептәуір қызметтері бар азаматтар екен. Света төртеуміз бірге қыдырдық. Кисловодскінің көрікті жерлерін араладық. Көңілдерін білдіргендері де болды. Сондайда менің сырымды білетін Света:
– Айка, сен қызықсың... Емеш деген кімің? Сондай да махаббат бола ма? Кім екенін, қайда екенін білмейсің? Мүмкін бүгінде үйлі-баранды, бала-шағалы болған шығар?! Мына жігіттер кімнен кем? Біреуі аупарткомда, бірі ауаткомда қызметтеміз дейді. Ойланып көрсейші?!
– Света, сенің маған дос екеніңді білемін. Біріншіден, менің әлі ординатурам бар. Екіншіден, Емештің бір хабарын білмей бұл жөнінде ойланбаймын.
«Вот те на, сестра Томириса» бұл Светаның маған кейігендегі сөзі.
Володия ағайдың көмегімен ординатураны Ақтөбенің медициналық институтында өтетін болдым. Әкем де, анамда құптады. Сөйтіп өз үйіме оралдым. Институтқа келгеніме бір айдың жүзі болғанда канцеляриядағы апай:
– Қызым, Уақытова деген фамилияң есіме бір жайды түсіріп тұр, бір жылдары бізге ауысу үшін открепление алған сен емессің бе? Одан кейін бір азамат сен туралы мәлімет сұрап өтініш хат жолдаған. Сонда Уақытова деген фамилия мен Итемген атты оқып таңданғанмын.
Жүрегім кеудемнен шығып кетердей тулады. Апайдың ары қарай не айтқанын естімедім. Жанымдағы орындыққа отыра кетіппін.
– Қызым не болды? Қыздар су құйып беріңдерші... Айналайын, аманшылық па?
Салқын су ұрттағандықтан ба, сабама түсе бастадым.
– Апай, кешіріңіз, бәрі дұрыс. Сол өтініш табылмас па екен? Мекен жайын білсем...
– Қызым-ай, қорқытып жібердің ғой. Негізі ондай қағаздар көп сақтала бермейді. Дегенмен қарап көрейін. Кейін соқ, – деді апай.
Айтылған күні қолмен жазылған бір парақ қағазды апай қолыма ұстатты. Менің блокнотыма мекен жайын жазып берген қолтаңба көзіме оттай басылды.
Өтініш соңында: «...мүмкіндік болса хабарын тез берсеңіздер. Алматы Глав. почта. Довостребовния Аблаеву Итемгену» деп жазылыпты.
– Апай, жауап бердіңіздер ме?
– Открепление алған. Бірақ бізге құжат тапсырылған жоқ, – деп жауап бердік.
Көңілім қайтадан құлазыды. Емештің мені іздеп жүргеніне көзім жетті. Жүрегім бір қуанышты сезгендей лүпілдеп қоя берді.
Ординатура бітуге таяған уақыт. Теледидардан Алматыдан берілген соңғы жаңалықтарды көріп отырғанмын. Диктор: «Енді жағымды жаңалықты тыңдаңыздар: Қызылорда облысындағы «Құмкөл Харрикейн» компаниясына қазақ жастарынан құрылған алғашқы мұнайшы бригадасы Ақтаудан аттанды. Мұнайшыларды шығарып салу салтанатына назар аударыңыздар» дегенде экраннан жастардың шат-шадыман жүздері көріне бастады. Ортасында Емеш тұр. Жүрегім қайта тулады.
Ординатура бітірген біздерді Қызылорда облысына баруға үгіттеді. Мен бірден келістім. Әкем мен анам реніштерін білдірді. Анама сонда ғана сырымды ашып, Емеш туралы айттым. Анам ойланып көп отырды.
– Балам, жатжұрттық екенің рас. Бірақ сағым қуып бара жатқан жоқсың ба? Алла сапарыңды оңғарсын! – деп бата берді.
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылары қабылдап, Арал ауданына баруым керек екенін, Арал қаласында ауруханадағы дәрігерлік орынның бір айдан кейін босайтынын, оған дейін дем алуыма немесе басқадай қызмет атқара тұруыма болатынын мәлімдеді.
Сол кезде хабарласқан анам: «Әкемнің отставкаға шығатынын, мекемесі әкем мен екеуіне Сарағаштағы «Арман» санаторийіне жолдама бергенін, өздерімен бірге демалуға бірге жүруімді өтінген».
Сарыағаш, «Арман» шипажайы дегенде жүрегім өрекпіп басылды. «Жұмысқа тұрмай жатып дем алам деу ыңғайсыз шығар, ойланайын» дедім анама.
Қонақ үйдегі бөлмеге келгесін де жаным байыз таппады. Ойыма сол бір кездер, Емеш екеуміз бөлісіп жеген сол бір түп шиенің жемісі, дәмі аузыма келгендей, жүрегім сыздап қоя берді. Осылай жатып көзім ілініп кетіпті.
«Арман» санаториінде түнгі кезекші дәрігер екенмін деймін. Түннің бір уақытында жанымдағы медсестра даладан келіп:
– Апай, төменде бір демалушы ішке кірмей отыр. Өткенде де әзер кіріп еді. Есікті бекіте алмадым, – деді.
Сыртқа шығып, бір түп шиенің жанындағы жігітке санатория тәртібі бойынша есіктің бекітілетін уақыты болғанын ескерттім. Жігіт басын маған бұрмастан аспанға көз жіберіп отырып:
– Бес, он минут мұрсат беріңізші? Қазір ай туады. Айнұрын көрсем деп едім, – деді жалынышты үнмен. «Айнұры!!!»
Өзімнің дауысымнан оянып кеттім. Таң атыпты. Бөлме телефонынан Ақтөбеге заказ бердім, тез-ақ алып берді. Анама шипажайға баратынымды айттым.
Басқарма басшылары демалыс ­алуыма қарсы болған жоқ. Бұйрықпен ­таныстырып, отбасылық жағдайыма байланысты ақысыз демалыс алатыным, жұмысқа содан соң қосылатыным туралы арыз жаздырып, қол да қойып берді.
Сонымен не керек әкемнің арқасында мен де бір жолдамаға ие болдым. Санаторияға келгенімізге үшінші күн болатын. Түскі, кешкі тамақтан кейін анам екеуміз бір түп шие жанындағы орындықта отырып оны-мұны айтамыз. Әкем ем алудан босаса, биллиард ойнайды. Бүгін де түскі тамақтан соң сол орныма жайғасып, мамамды күтіп отырғанмын.
Анам жанындағы спорттық киім киген жігітпен шүйіркелесіп келеді. Шамасы қасындағы демалуға жаңа келген жан болды-ау, – деп ойлап үлгіргенімше анам:
– Айнұры, күтіп қалдың ба? –дегенде
– Айнұры, Айнұры... Бұл сенсің бе?! – деген оқыс дауыс қатты шықты.
– Емеш...
Құшақтарымыздың айқаса кеткенін өзіміз де байқамай қалдық.
***
Сәл үнсіздіктен кейін Айнұры:
– Бар жай осы, аға! Сол жолы енді ажырамастай болып табыстық. Емеш әкеме де, анама да ұнады. Көп ұзамай үйлендік. Осы жайды сезгендей сол жылы Емеш өзі өскен шаңырақты қайта көтерген екен. Сонда келін боп түстім. Аллаға шүкір, бұйырған бала-шаға бар. Сонау бір жылдарда ауылдағы шағын аурухана жабылған кезде, медпунктте медсестраның айлығымен жүрдім. «Доқтыр келін» деп төбесіне көтерген ауылдастарды қимадым. «Адам доқтыры да, мал доқтыры да болдым». Қазір ініңіз сол «Құмкөлде» учаске бастығы. Жақында «100 мектеп, 100 аурухана» жоспары бойынша жаңа ауруханаға көштік. Шипажайға кешіккенім, осы жаққа жүргелі тұрғанда жас келіншек босанатын болды. Анализдері положителный болып, менің бақылауымда жүрген еді. Қызылордадан санавияция шақырып, облыс орталығындағы ауруханаға әкеліп аман-есен босандырып келген бетім еді.
Мына бір түп шие ағашы ініңіз екеумізге тым ыстық. Бізді таныстырған да, табыстырған да, жемісімен кеудемізге махаббат шырынын таттырған, бір-бірімізге деген сүйіспеншілігімізді сөзбен емес, көзбен ұқтырған, сүйем-күйем деп айтпай-ақ жүрегімізден өшпейтіндей орын тапқызған махаббат белгісіндей біз үшін.
Әңгімесін аяқтап маған қараған Айнұрының ақ жүзі арайланып, жанары күлімдеп тұрды.
Мен бір түп шие ағашына қарадым. Кешкі самалмен сыбдырлаған жапырақтар «біз куәміз, біз куәміз» деп тұрғандай.
Құдайберген ЕСЕКЕЙ

15 қыркүйек 2020 ж. 882 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 71

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930