Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мама деген кім?

Мама деген кім?

Мама деген — үйдегі артық жанып тұрған жарықтардың бәәәрін өшіріп, "Ана бөлменің светін өшір, мына бөлменің светін өшір" деп ұрсып жүретін адам.

Мама деген — балдарының тауыспаған тамақтарын ішіп, жартылай тістеп тастаған нандарын "Обал болмасын, әкел маған" деп өздері жеуін жеп алып, "Жаман семіріп бара жатырмын ба?" деп уайым қып жүретін адам.
Мама деген – бала мазасын алып, ашудың релісінен шығып кеткен кезде көтенінен қағып алып , ұйықтаған соң сол әрекеті үшін өкініп жылайтын адам.
Мама деген — "Шкафтың ішін қарасай көзіңді ашып, мен бәрін өзіммен көшіріп әкеттім ба?" деп бұрқылдайтын, үйдегі заттың бәрін қайда тұратынын жатқа білетін жалғыз адам.
Мама деген — бір жаққа кетіп бара жатып "Мама, жоқ, құдай берді екен деп, үйді бастарыңа көтермей, жан-жақтарыңды тазалап отырыңдар" деп ескертіп кететін адам.
Мама деген — бір жаққа сұрансаң да, бір жақтан келе жатсаң да, көзіне түсіп қалсаң, не көзіне түспей қалсаң да "Сабағыңды оқыдың ба?" деп сұрайтын адам.
Мама деген — әншейінде "Көзіңді құртасың, әкел телефонды" деп тартып алатын, өзі тойға ма бір жаққа кетіп бара жатқанда "Мәә, телефон көре тұр" деп бере салатын адам.
Мама деген — баланың шуынан шаршап, "Барып ойнаңдаршы" деп далаға қуып шығып ап, музыканы бақыртып қойып үй жинайтын адам.
Мама деген — "Морозильниктен көк пакеттегі сүйегі үлкен етті шығарып қойшы" деп звондайтын, шығаруды ұмытсаң үйге келген соң нервіштетіп ұрсатын адам.
Мама деген — беймезгіл уақытта звондасаң, шошып "Тыныштық па?" деп қорқатын адам.
Мама деген — бірдеңе бүлдірсең "Жақсы бопты" деп ашуын жасыруға тырысатын адам.
Мама деген — тамақтанған кезде қасында мазасын алып жүріп алсаң "Тез-тез ішіп тұрыңдаршы. Бір кесе шайымды тыныштықпен ішіп алайыншы" деп бәрін залға қуатын адам.
10 қазан 2019 ж. 1 847 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930