Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 29 желтоқсан: Атаулы күндер мен оқиғалар

29 желтоқсан: Атаулы күндер мен оқиғалар

Биологиялық әралуандықтың халықаралық күні
БҰҰ Бас Ассамблеясы 49-сессиясының (1995) шешімі бойынша биологиялық әралуандық (Жердің флорасы мен фаунасы, 1993) туралы халықаралық конвенцияның күшіне енген күнінен бастап тойланады.
Моңғолия тәуелсіздігі күні
1911 жылы Цинь империясы құлап, Моңғолия Қытайдан бөлініп шықты.
1995 жылы ҚР Конституциялық кеңесі (КК) құрылды. Ол – Қазақстандағы конституциялық бақылауды жүзеге асыратын ұжымдық орган. Қазақстан Конституциясының 72-бабына сәйкес, КК ҚР Президенті сайлауының, Парламент депутаттары сайлауның және республикалық референдумның дұрыс өтуін қадағалайды.
2004 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Астананың сол жақ бетіндегі жаңа ғимаратында Мәжілістің бірінші жалпы отырысының ашылу рәсімі өтті.

2012 жылы Жамбыл облысының Қордай ауданында Қазақстанда алғашқы өнеркәсіптік ауқымдағы Күн электр стансасы іске қосылды. Жекеменшік инвестициялар есебінен салынған станса жалпы электр желілеріне қосылған әрі өндірген энергиясын еліміздің бірыңғай энергетика жүйесіне бере алады.
29 желтоқсан 2019 ж. 1 220 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930