«Мейрамбек, саған жараспайды" Бесбаевты оқырмандары сынға алды
Таяуда Алматы қаласы әкімінің мәдениет бөлімінде штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалған Беспаев, атқарған жұмыстары жайлы әлеуметтік желі арқылы елге есеп бере бастады, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.
«Бүгін Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ернар Құрмашевпен мәдениет саласындағы бірқатар мәселелерді талқыладық. Қала әкімі Бақытжан Әбдірұлының қаланы дамыту бағытындағы жоспраларның негізінде ең өзекті мәдени тақырыптар арқау болды. Оның ішінде музыка, театр, кино, әдебиет, анимация және басқа салалардың өсу жолдарын қарастырдық. Әрбір сала мемлекетпен, біліммен және бизнеспен тығыз қарым-қатынаста нәтижелі жұмысын атқара бермек. Біздің арман болашақта қаламыз Орталық Азияның мәдени астанасына айналса деген үміт қой. Шынайы үміт алдамаса керек. Сәттілік тілеп қойыңыздар»,- деді Мейрамбек Instagram парақшасында.
Музарттық әншінің бұл жазбасына жұлдыздар қауымы бірден қолдау көрсетті.
Мысалы, өнердегі інісі Серікбол Сайлаубек: «Қолымыздан келгенше біз де бір жағына шығамыз ғой, аға!»- десе, Мейрамбектің төл шәкірті Райм Уайс: «Сәтті болсын, аға!» – деп, жазды.
Әйтсе де, Мейрамбектің жеке парақшасында жарияланған соңғы посттың астына оқырмандарының бір легі мәдениеттегі мәселелерді жіпке тізіп берсе, екінші тарап Бесбаевтың билікке араласпауын өтінді.
«Мейрамбек, менің сізге қояр сұрағым бар. Сіздердің жұмыстарыңызға сахнаны небір керексіз әнші-сымақтардан тазарту, сорттау деген кіреді ме?» десе, енді бірі «Кәмшат Жолдыбаеваны сіңілісімен бір жаққа шығарыңызшы», – деген ұсыныстарын білдірген. Ал, Бесбаевтың Зәуре атты тұрақты оқырманы: «Мейрамбек, саған жараспайды. Сен әніңді айтып жүре бер. Кеңесші болмай-ақ қой», - деген өтінішін жолдаған.