Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Көзінен жас орнына "бриллиант" ағатын қыз (видео)

Көзінен жас орнына "бриллиант" ағатын қыз (видео)

22 жастағы Армения тумасы Сатеник Казарянның көзінен жас орнына "кристалл" ағуының құпиясы ашылды.

Армениялық әйел алдымен жергілікті офтальмологқа тексерілген. Бірақ олар аурудың себебін анықтай алмаған. Кейін оны жақын маңдағы Артик қаласына алып барған. Ол жерден де нәтиже болмағасын, Армения астанасы Ереванға барған. Бірақ астаналық дәрігерлер де көмек көрсете алмаған.

Дәрігерлер науқасқа көзге тамызатын дәрі мен антибиотиктер жазып берген. Бірақ бұл препараттар керісінше әсер еткен. Осы оқиғаға үкімет те назарын аударған. Республика деңгейінде екі рет жиналыс өткен. Алайда жергілікті дәрігерлер оның құпиясын таба алмаған.

Ал Сатеник Казарян кристалын зерттеген ресейлік зертхананың геммологы тастар тығыздығы мен сынықтарына байланысты өнеркәсіптік әйнек екенін анықтаған. "Бұл нағыз табиғи әйнек. Мұны зертхана да дәлелдеді", - дейді геммолог Ольга Радионова.

]

Армениядағы Малаян атындағы Басты республикалық офтальмологиялық орталық мамандары Сатеник Каразян Мюнхгаузен синдромына шалдыққан деп есептейді. Аурудың бұл түріне шалдыққан адам өз-өзіне ауыр зиян келтіруге дейін баратын көрінеді. Егер Сатеник Каразянға нақты диагноз қойылса, бұл басқа науқастарды құтқаруы мүмкін. Өкінішке орай, Сатеник Каразян көзінен жас орнына кристалл ағатын жалғыз науқас емес. Сіз интернеттен осыған ұқсас тағы екі оқиғаны таба аласыз. Бірі Бразилиядағы мұғалім, екіншісі Ливан қызы.
03 қазан 2019 ж. 67 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031