Жанар Хамитова көз жұмбас бұрын қандай хат жазды?
Жанар Хамитова көз жұмбас бұрын досына ауырып жүргенін айтып хат жазған. Жүрегім ауырып, емделіп жүрмін.
Жақында "Арнау" тобының экс-әншісі Жанар Хамитова қайтыс болды. Біраз жыл өнерден алшақтап, енді ғана сахнаға оралған өнер иесі жасындай жарқ етіп, туған жердің топырағында жан тапсырған.
Өнер иесінің досы Әбуқай Ужазовтың айтуынша Жанар Хамитова кейінгі уақыттары жүрегі ауырып, емделіп жүргенін айтқан. Ол өнер иесімен соңғы рет әлеуметтік желі арқылы сөйлескенін жеткізген. Әбуқай Ужазов Жанар Хамитова соңғы хаттарында не жазғанын айтып берді.
"Мен 12 қыркүйек күні сөйлескен кезде, ватсап арқылы хат жазып жіберіпті. Сол кезде қиналып жүргенін сездім. "Жүрегім ауырып, емделіп жүрмін" деген болатын. Жылап отырған суретін жіберді де, екеуін бірден өшіріп тастады. Сол кезде "Не болды, аманшылық па?" деп жазып едім, иа осылай да осылай, жүрегім ауырып жүр деп жазған болатын", - дейді Әбуқай Ужазов.
Сонымен қатар, Жанар Хамитованың досы мінезінде де, көңіл-күйінде де ешқандай өзгерістер байқалмады деп ашығын айтып, ағынан жарылған.
"Сол біз қалай сөйлесіп жүрдік "Все ок" дейтін көтеріңкі интонациямен, дауысы қаймығып жүрген адамға ұқсамайтын. "Абу, все, жақсы" деп қоштасатын, бәрі жақсы болады дейтін", - дейді Әбуқай Ужазов.