Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрғали Нүсіпжанов пен жас келіншегі күтпеген жерден концерт өткізді

Нұрғали Нүсіпжанов пен жас келіншегі күтпеген жерден концерт өткізді

Танымал әнші туған жеріндегі шипажайлардың біріне демалуға барып, ойламаған жерден концерт берді.

Нұрғали Нүсіпжанов пен жас келіншегі шипажайда концерт өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Концерттің жүргізушісі Нұрғали Нүсіпжановтың жас келіншегі Жадыра Сейдеш болған екен. Кештің үзіндісін бейнежазбаға түсіріп алған "Жаркент арасан" шипажайы оны өзінің желідегі парақшаларының бірінде бөліскен. Жас келіншек күйеуінің мақтауын асырып сахнаға шығарған. Ол демалушыларға бар жақсылықты жаудырып, аман-есен елut оралыңыздар деп тілек білдерген.

"Армысыздар, ардақты ағайындар! Шипажайда біз концерт береміз деп жоспарлаған жоқпыз. Әсіресе менің жүргізуім аяқ асынан болып тұр. Келген қадамдарыңызға гүл бітсін. Алып жатқан емдеріңіз күш-қуат беріп, аман-есен оралуды жазсын. Бала-шағаларыңызбен қауышуларыңызға тілектеспіз. Қасиетті жер жәннаты Жетісуға Нұрғали Нүсіпжановтың келуі бірінші рет емес. Бұл кісі осы өңірден түлеп ұшқан. Сондықтан Нұрғали Нүсіпжанов ағамызды шақыруға рұқсат етіңіздер", - дейді Жадыра Сейдеш.

Сахнаға шыққан Нұрғали Нүсіпжанов өзін қатты мақтап жібергенін тілге тиек етіп, халыққа сәлем берген. Артынша өнер иесі әнімен елді әуелетті.

"Мақтауын да жеткізді енді. Сондықтан сіздермен амандасып, бастап кете берсем болады", - дейді Нұрғали Нүсіпжанов.
[video=]

10 қыркүйек 2019 ж. 2 175 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 82

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 83

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 68

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930