Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үш жасар қыз дәрігерлердің кесірінен анасының қолында көз жұмды

Үш жасар қыз дәрігерлердің кесірінен анасының қолында көз жұмды

Англияның Рейли қаласында дәрігерлер үш жасар қызға дұрыс диагноз қоймаған. Салдарынан ол көз жұмды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Аоифа Фланаган-Джибб маусым айының басынан бері ішінің ауыратынын айтып шағымданған. Анасы Эйлиш Фланаган оны 3 аптаның ішінде 11 рет ауруханаға алып барыпты. Алайда дәрігерлер үнемі қыздың іші қатып қалғанын айтқан.

«Оның денсаулығында қиындықтар бар екенін сездім. Денесінің әр түрлі жері ауыратын. Алайда дәрігерлер оны мүлдем тексермеді», - дейді әйел.

Артынша дәрігерлер Аоифаның бойынан сирек кездесетін герминогенді ісікті тапқан.

«Оның бауырында үлкен ісік болды. Ол ішекті бітеп тастаған. Сол кезде тығырыққа тірелгенімізді түсіндік», - дейді Фланаган.

Дәрігерлер ауру асқынып кеткендіктен, 3 жасар қызға емнің көмектеспейтінін айтыпты.

«Емдеуге тым кеш еді. Олар бізге күресуге мүмкіндік бермеді», - дейді қыздың анасы.

7 шілдеде Аоифа ауруханада анасының қолында кенеттен көз жұмды. Оның жүрегі тоқтап қалған екен.

Ендігі әйел гермиогенді ісікпен күреске бағытталған Ұлыбританиядағы алғашқы ұйымды ашпақ. Оның мақсаты – адамдарға қатерлі дерттің белгілері, диагностикасы мен салдарын түсіндіру.
07 қыркүйек 2019 ж. 969 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 18

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930