Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Сүйегін күні-түні өртеген": Атышулы оқиға жайында тың мәліметтер шықты

"Сүйегін күні-түні өртеген": Атышулы оқиға жайында тың мәліметтер шықты

Қостанай облыстық полициясындағылар шынжырлап ұстап, қатігездікпен өлтірілген ер адамның ісінің мән-жайын айтып берді. Аталған қылмыс бойынша, дәмхана иесі мен түрлі жұмыс атқарушы екі адам күдіктеліп отыр, деп хабарлайды «Алау» порталы.

Полиция мәліметінше, Меңдіқара ауданындағы дәмханада болған қылмысқа дәмхана иесі мен түрлі жұмыс атқарушы екі адам күдіктелуде. Оларға қатысты 15 қылмыстық іс қозғалыпты. Анықталғандай, күдіктілердің әрекетінен тағы бірнеше адам зардап шеккен.

Полиция департаментінің тергеу басқармасының басшысы Нұрлан Арыстановтың сөзінше, кәсіпкер адамдарды қаржылық тәуелділікте ұстап, әр ағаттығы үшін айыппұлмен жазалап, жұмысшыларға қолхат жаздыратын болған.

«Олардың әрқайсысы шамамен 40, 100 мың теңге «қарызданған». Олар қорыққандықтан, кете алмапты», - дейді Нұрлан Арыстанов.

Сонымен қатар ол күдіктілердің адамдарды өлтіргеннен кейін олардың мәйітімен не істегендерін айтып берді.

«Бір жылдан кейін оқиға орнын тексеру барысында тапқанда көргеніміздей, сүйегі полиэтилен пакетке сыйып кетеді. Олар оны күні-түні өртеген. Түгін қалдырмай өртеп жіберу үшін баллондар қолданған», - дейді тергеу басқармасының басшысы.

«Астана» арнасының мәліметінше, сонымен қатар көз жұмған ер адам сексуалдық зорлыққа тартылған.

Ендігі күдіктілер кісі өлтіру, денесіне зақым келтіру, зорлау баптары бойына айыпталып отыр. Анықталғандай, кәсіпкер бірқатар жұмысшысын үнемі ұрып-соғып, еңбек және сексуалдық құлдықта ұстаған.
29 тамыз 2019 ж. 838 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 103

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930