Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарақат пен Қыдырәлінің үйлену тойы өтті

Қарақат пен Қыдырәлінің үйлену тойы өтті

Қарақат пен Қыдырәлі үйлену тойлар өтті.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Отбасын құрғандарына 20 жыл болған жұлдызды жұп, жас кездерін есіне алып, тағы да той жасады. Бурабайда өткен салтанатты кеште Қарақат Әбілдина басына ақ фата киіп, өзін жас келіншек сезініп жүргенін айтқан. Жанына жақын адамдарының басын қосқан жиында өнер иелері бір-біріне деген сезімдерін байқатты.

"Бурабайдың баурайында достармен көңілді отырыс. Ең жақын деген отбасылық достарымыз қуанышымызды бөлісіп келіп жатыр. Әдетте үйлену тойында негізгі салтанатты тойдың басталуы кешкілік уақытта болады. Ал күндіз ең жақын деген жастармен қыдыру болады ғой. Біз жастар болып қыдырып жатырмыз. Той басталды. Жас келіншектен сәлем", - дейді Қарақат Әбілдина.

Өздері де ақ киім киіп, перзенттеріне "Махаббаттан жаратынған" деген жазуы бар жейделер кигізіп, бұл күнге ерекше дайындалған жұлдызды жұпты жақындары құттықтай келген. Олар Қарақат пен Қыдырәліге ақ тілектерін жаудырып, адал ниеттерін байқатты.

"Қарақаттың тойында жүрміз. Әдемі. Қазір неке қиямыз. Неке жаңартамыз. Мен қыз жолдаспын", - дейді Қарақаттың құрбыларының бірі.

21 тамыз 2019 ж. 3 460 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30