Сіздер шеше алмайсыздар...
Белгілі әнші Төреғали Төрәлінің кеше ғана мектеп бітірген қарындасына жігіті үйленуге ұсыныс жасаған болатын. Жігітіне келісім берген Фариза Төрәліні жұрт әбден сынның астына алған. Олар аруды небәрі 18 жастасың деп сөккен болатын. Фариза Төреәлі желідегі парақшасында өзін сынағандарға жауап берді. Оның айтуынша бұл шешімін отбасы толығымен қолдаған.
"Менің өмірімдегі жағдайлардың ертелі-кешін сіздер шеше алмайсыздар. Қартайғанша сенімен бірге болар жаныңдағы серігіңді қашан жолықтыратыныңды білмейсің. Бастысы жүректің қалауы. Отбасым қолдап отырған жерде маған ешкімнің пікірі маңызды емес! Әрдайым өзім қалағандай таңдау жасаймын. "Осы міне, менің өмірлік жарым" деген іштегі сезіміңіз сізді алдамай тұрса болғаны. Алды-артым мен болашағымды ойламай жасаған қадам емес", - дейді Фариза Төреәлі.
Фариза Төреәлі ағасының да бұрыннан қыз баланың 18-19 жаста тұрмысқа шыққаны әбестік емес екенін айтатын көрінеді. Төреғалидің осы сөзін тілге тиек еткен ару ең бастысы өмірлік серігіңді табу деп ағынан жарылып, осылайша ол мән-жайды түсіндірген.
"Нәзік жанды ару қолын ұстар, адал жанды кезіктірсе, қыз баласы үшін одан асқан қандай бақыт керек. Менің арман-мақсаттарым (оқуым, жұмысым) жайында алаңдамай-ақ қойыңыздар. Осы сәтте ағамның бұрын маған айтқаны есімде. "Өз адамыңды жолықтырсаң, 18-19 жас қыз баласы үшін ерте емес. Жақсы жігіт түзу жүрген қызды қапыда қалдырмайды" деп астарлап айтқан еді. Бәрі бұйырған уақытта", - дейді Фариза Төреәлі.