Қалдыбек Құрманәлі: Төрт баласының кімнен екенін білмейтін әншілер бар
Қалдыбек Құрманәлі әншілердің отбасылық өмірін сынның астына алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қамшы сұхбат" бағдарламасына сілтеме жасап.
Белгілі композиторды киелі сахнаның қадірін кетіріп, өзінің қатынастарын реттей алмайтын өнер иелері ашуландыратын көрінеді. Қалдыбек Құрманәлі тіпті әншілер қай баласының кімнен екенін ұмытып қалған деп көңілін түсірді.
"Кейбір әншілер бар, төрт баласы бар, төртеуінің кімнен екенін өзі де білмейді, ұмытып қалған. Мен ештеңе демес ем. Олар сахнада тұрып, махаббатқа, өнерге адалдық, отбасы құндылығы туралы айтады. Адамның бетінен ұят кеткеннен кейін айтыла береді екен", - дейді Қалдыбек Құрманәлі.
Жеңіл жүріске түсіп кеткен өнер адамдарын сынның асына алған Қалдыбек Құрманәлі ондай жандарға артық ештеңе айта алмайсың дейді. Өнердегі адамдардың ішінде өнерде де, өмірде де адал адамдар өте аз деп өкінді ол.
"Өнер адамы ретінде айтатыны ауыр тиеді. Маған әйелім ғана тиесілі. Сондықтан біреуге айта алмайсың. Айтып та көрген едік. Бірақ Қалдыбектің дәрежесіз төмен екен ғой деп сөгеді. 90% жезөкшелер ғой. Бәрі күліп мазақ қылады. Олар көп екен ғой", - дейді Қалдыбек Құрманәлі.
stan.kz