Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлік апатынан көз жұмған жігіт жерлеу кезінде тіріліп кеткен

Көлік апатынан көз жұмған жігіт жерлеу кезінде тіріліп кеткен

Үндістанның Уттар-Прадеш штатының Лахнау қаласында жаназасын шығарып жатқан еркек аяқ астынан қозғалып, тіріліп кеткен. Ал дәрігерлер алдында оны "өлді" деп, ауруханадан шығарып тастаған, деп хабарлайды Lenta.ru.

Көлік апатына ұшыраған 20 жасар Мұхаммед Фуркан 21 маусымда, яғни жұмада жекеменшік ауруханаға жеткізіледі. Ал дүйсенбі күні, яғни 24 маусымда дәрігерлер "өлді" деп жігіттің мүрдесін туысқандарына табыстайды. Қайғы жамылған отбасы жерлеуге дайындалады.

Молаға Фурканның денесін қойып жатқан еркектер оның қозғалатынын байқайды. Бірден олар мүрдені ауруханаға жеткізеді. Дәрігерлер бірден оны тыныс алу аппаратына қосады. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы өте нашар, өлім мен өмірдің арасында жатқан адам. Бірақ белгілісі, оның миы жұмыс істеп жатқан.

"Жүрегі әлсіз болсын соғып тұр, қимыл-тіректері де қозғалыста", деп мәлімдеген дәрігерлер.

Фурканның үлкен ағасы Ирфан бауырын емдету үшін 700 мың рупий төлегендерін, бірақ ақшалары бітіп қалғанын айтқанда, дәрігерлер оны "өлді" деп ауруханадан шығарып тастағанын айтады.

Қаланың бас дәрігері Нарендр Агарвал бұл оқиғаға қатысты қызметтік тексеру басталғанын мәлім етті.

19 шілде 2019 ж. 815 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930