Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетелде демалуды жоспарламас бұрын, айыппұлыңызды тексеріңіз

Шетелде демалуды жоспарламас бұрын, айыппұлыңызды тексеріңіз

Егер азаматтар сот шешімі негізінде Әкімшілік айыппұлдарды немесе берешектерді уақытылы өтемесе, сот орындаушылар берешектерді мәжбүрлеп өндіріп алу жөнінде шаралар қолдануға міндетті. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі ескертеді.

Бұл ретте, елден тыс жерлерге сапарға шығуға тыйым салу осындай шаралардың бірі болып табылады.

Сот орындаушылардың шаралар қолдану тәртібі «Атқарушылық іс жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген.

Қазіргі уақытта әуежайларда орналасқан «Қазпошта» АҚ терминалдары арқылы қарызды өтеу үшін жағдай жасалған.

Алайда, егер Сіз әуежайға ұшар алдында немесе вокзалға сапар алдында (әсіресе түн мезгілінде келсеңіз), ал қойылған шектеу туралы хабарламаны қандай да бір себептермен назарға алмасаңыз немесе ұмытып кетсеңіз, сіздің демалысыңыз немесе қызметтік іссапарыңыз жүзеге аспай қалуы әбден мүмкін.

Мұндай жағдайларды алдын алу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі шетелге сапарға шығушыларға өздерін алдын ала осындай шектеулердің бар жоғына тексеруді сұрайды. Мұны aisoip.adilet.gov.kz сайтында «Борышкерлер тізілімі» ақпараттық базасы арқылы тексеруге болады. Тексеру үшін ЖСН нөмірін теру және сайтта көрсетілген 4 таңбадан тұратын кодты енгізу жеткілікті.

Қарызды «Қазпошта» АҚ терминалдары арқылы, www.kaspi.kz, www.post.kz сайттарында немесе POST.kz мобильді қосымшалары арқылы төлеуге болады. Төлемнен кейін шектеу автоматты түрде 30 минут ішінде алынады (Интернет желісінде техникалық ақаулар болмаған жағдайда).

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Сіз Әділет министрлігінің 119 телефоны, Нұр-сұлтан, Алматы қалаларының тұрғындары үшін 8 (7172) 58-00-58 телефоны бойынша Байланыс орталығына немесе Әділет министрлігінің www.adilet.gov.kz сайтына сұрау жібере аласыз, сондай-ақ, жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының 8 (7172) 20-84-64 телефоны бойынша Байланыс орталығына немесе жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына жүгіне аласыз. Олардың байланыс нөмірлері мен мекен жайы www.astana.zhso.kz сайтында орналастырылған.
02 шілде 2019 ж. 1 034 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 122

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 123

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 83

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 95

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031