Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Антына адал ару

Антына адал ару

Өмірін ел тыныштығын қорғауға арнап, ерлермен бірдей қызмет атқаратын нәзік жандылар қатары ішкі істер саласында күн санап артып келеді. Солардың бірі – полиция бөлімі штаб тобының аға инспекторы Айнұр Тен.

Ол ҚР Ішкі істер министрінің Б.Момышұлы атындағы Шымкент заң коллеждінің түлегі. 2004 жылы Қазалы аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы болып жұмысқа орналасады. Сол жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің Алматы Заң академиясында білімін одан әрі жетілдіруді мақсат тұтады. Тәжірибе мен тәлімді тең дамытқан талдырмаш қыздың ертеңіне алғашында күдікпен қарағандар да болды. Алайда ізденісі мол жас көп ұзамай әріптестерінің назарына ілігеді. Айнұр өзіне біраз ауыртпалық әкелетініне қарамай, таңдаған мамандыққа адалдық танытып, қажырлы қызмет атқарды.

Өткен күндерін еске алған кейіпкеріміз: ««Бұл сен келетін жер емес, әлі де жассың ғой. Мамандығыңды өзгерте аласың», – деп жанашырлық танытқан ұжымдастарым сол жылы кәсіби мереке қарсаңында марапатқа ұсынатынын айтқанда, елең еттім: «Неге мен марапатталамын? Кеше келіп не тындырып үлгердім? Лайықтылар алсын!», – деген сөзімді естіп: «Құрметтен бас тартатын адамдар да болады екен-ау», – деп таң қалғандар да бар», – деп күліп алды.

Сол жылдары бірде көшеден Төретам кентінде тұратын 4-5 жастағы баланы инспекторлар бөлімшеге әкеледі. Ол кезде анықтайтын жүйе жетілмеген тұс. Өзінің, ата-анасының аты мен Төретамда тұратынын ғана айтатын бүлдіршіннің жағдайын көріп, Айнұр тамақтандырып, үйіне апарып жуындырып, кешкі пойызбен Қызылорда қаласындағы кәмелетке толмағандарды оқшаулау орталығына орналастырады. Арада бір жарым ай өткенде жақыннан естілген: «Айнұр тәте!» – деген дауысқа жалт қараса, көз алдында өзі орталыққа апарып тапсырған бала тұрады. Мұнда не істеп жүргенін сұрағанында: «Тәте, өтініш, мен сізбен бірге тұрайыншы. Мен өскен кезімде сізге барлық жағдайды жасаймын. Үй, көлік алып беремін», – дейді ағынан жарыла. Қашып келген сырын бала әке-шешесімен бірге тұрғысы келмейтінімен байланыстырады.

Айнұр бар ақылын айтып, қайта орталыққа жеткізеді. Мұндай мысалдар оның өмірінде көптеп кездеседі.
Бірде ұрлық, көше төбелесімен айналысқаны үшін Қызылорда қаласындағы девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған мектепке апарған жасөспірімнің бірі бір жылдан соң жұмыс орнына келіп, түзу жолға бағыттаған «тәтесіне» арнайы алғысын білдіреді. Кейіннен ол әскерге кетер қуанышына, үйлену тойына шақырады.

«Жас келсе – іске» дегендей еңбекқорлығының арқасында Айнұр Александрқызы екі жылдан соң бөлімнің анықтау бөлімшесіне ауысады. Жаңалыққа жаны құмар жас мұнда анықтаушы бола жүріп, бойындағы нақтылық, дәлдік, жеделдікті жетілдіре түседі.
Балалармен тығыз жұмыс істеп, олардың жан-дүниесіне еркін енетін қызметкер 2013 жылы жергілікті полиция қызметі бөлімшесіне қарасты ювеналды полиция тобының аға инспекторы қызметіне жоғарылайды.

Сол кезеңді қиын да жауапты күндерге балайды. Себебі алдыңдағы құқық бұзушы кәнігі қылмыскер емес, ертеңіне үміт артқан жас өскін. Олардың жанын жаралап, өмірін басқа арнаға аудармауға атсалысып, өзі жасаған істен сабақ алып, дұрыс бағытқа баулу үлкен шеберлікті қажет етеді.

Полиция майоры үстіміздегі жылдың наурыз айынан бас­тап бөлімнің штаб тобының аға инспекторы лауазымында.
Штабта есеп-тіркеу тәртібін бақылау жұмысын ұйымдас­тыруға басшылық ететін ол жергілікті жерде құқық тәртібі мен қылмыстық жағдайға әсер ететін құбылыстарды анықтап, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық жағдайға талдау жасау ісімен де айналысады. Мекемедегі жедел кеңес өткізу және басқарушылық шешім қабылдау құжаттарын дайындау да міндетінде.

Облыстық полиция департаменті бастығының атынан бірнеше рет мақтау алған полицей қыздың ҚР Ішкі істер министрлігінің «Үздік қызметі үшін» және «Ішкі істер органдарында 15 жыл мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталуы – оның жұмысына берілген лайықты баға.
Біз барған кезде Айнұр облыстық полиция департаменті атынан Макаров тапаншасын атудан өтетін республикалық жарысқа дайындалу үстінде екен. Мақалдатып, мемлекеттік тілдің майын тамызып, бізді тәнті еткен ару құралайды көзге атқан мергендігімен де таң қалдырды.
Бір кезде ағасы, отставкадағы полковник Юрий Тенді үлгі еткен Айнұрдың ізін бұл күндері бірге туған бауыры, полиция аға лейтенанты Аль-Фараби Тен жалғап келеді.

Алтын ҚОСБАРМАҚОВА

22 маусым 2019 ж. 1 856 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031