Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жауапкершілік жүгі жеңілдемейді

Жауапкершілік жүгі жеңілдемейді

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Қызылорда облысы білім басқарамасы «Bilim foundation» қоғамдық қорымен бірлесе ұйымдастырылған ата-аналар жиналысы өтті.

Оған Қызылорда облыстық білім басқармасы «Bilim foundation» қоғамдық қорының өкілі, психолог Жания Бисенова, аудандық ішкі істер бөлімінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы Жасұлан Куйлешев, ата-аналар комитетінің төрайымы Бағдат Айтбаева, ау­дандық теміржол ауруханасының психологі Жұлдыз Далиева және ата-аналар қатысты.

Күн тәртібінде жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу, қылмыстылықпен, құқық бұзушы­лықтың жолын кесу және жазғы демалыс кезінде балалардың өміріне қауіп төнетін жерлерден аулақ болуын қадағалау мәселелері айтылды.

Қазалы көлік-техникалық жо­ғары колледжі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серік Ералы биылғы оқу жылында 610 студент білім алып отырғанын айтты. Оның 536-сы мемлекеттік тапсырыс негізінде болса, 74-і «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша қабыл­данған. Биыл 255 студент қолына диплом алады.

Жиналғандар «Bilim foundation» қоғамдық қоры дайындаған «Егерде мен білгенімде...» атты деректі фильмді көріп, көкейге ой түйді. Ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жазғы каникул кезінде жауапкершілікті жан-жақты сезіну бағытында кеңес берілді.

Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ


22 маусым 2019 ж. 1 495 0

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 34

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 25

Алқаптағы алғашқы орақ

13 қыркүйек 2025 ж. 22

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930