Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мешіт ұжымының ұлағаты

Мешіт ұжымының ұлағаты

Айлардың сұлтаны саналатын Рамазанда көптеген қайырымдылық жасалып, кейбір жабырқаулы жандар жүрегі мейірім шуағымен нұраланады. Осындай ұлағатты істің үлгісін орталық «Жанқожа батыр» мешіті көрсетіп, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында дойбыдан жарыс ұйымдастырды.

Ептілік пен тапқырлықты талап ететін шаршы тақта үстіндегі сайысқа он адам қатысып, өзара бәсекеге түсті. Тартысты ойын барысында үздіктер іріктеліп, алға шықты.

Жарыс қорытындысында Әбілқасым Алғашбаев бірінші, Тасболат Ерғара екінші, Әділбек Алғашбаев үшінші орын тұғырынан көрінді. Жеңімпаздарға арнаулы диплом мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Барлық қатысушылар да кәде-қауметтен құр қалмады.

Спорттық шара туралы пікірін ортаға салған Ә.Алғашбаев:
– Бұл жарыстың өткізілуіне мұрындық болған өзім. Ораза айында біздің тілегімізді далаға тастамай, демеушілік көрсеткен батыр баба есімімен аталатын мешіттің бас имамы Берік Сүлейменовке алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Көңілдері Алланың шапағат шуағына бөлене берсін! – деді.
С.БАХИҰЛЫ
07 маусым 2019 ж. 1 021 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031