Жастар жүрегіндегі ізгілік

Ізгілікті істен қазалылықтар да тыс қалған жоқ. Жергілікті мешіттерде азаматтардың бастамасымен Рамазанда күн сайын ауызашар ұйымдастырылды. Бұл айда келешек ел тұтқасын ұстар жастар да қайырымды істен қайыр күтетіндерін көрсетті. Мәселен жуырда кенттегі Қаныш Сәтбаев пен Сәкен Сейфуллин көшесінің жас тұрғындары аудандық “Жанқожа батыр” мешітінде жамағатқа дастарқан жайды.
Ауызашарға арналған астан ондаған адам дәм татты. Мешіт қызметкерлері тарапынан уағыз бен ғибратты әңгіме айтылып, ораза ұстағандар мен оларға құрмет көрсетушілерге жазылатын мадақтар мен сауаптар жайы сөз болды. Ауызашар соңында ақсақалдар жастардың игі бастамасына ризашылығын білдіріп, батасын берді.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ