Отбасы медиация көмегімен некесін сақтап қалды

Талап қоюшы А., өзінің талап арызында, жауапкер Ә.-мен заңды некеде тұрғанын, алайда, жауапкермен мінездері жараспағандықтан, отбасын сақтауға мүмкіншілік жоқтығын айтып, көрсеткен.
Сот отырысында тараптар медиация тәртібімен реттелген келісімін бекіту туралы талап-тілек қойып, медиативтік келісімнің талаптары бойынша талап қоюшы А. мен жауапкер Ә. сотпен белгіленген мерзімде бір-бірімен татуласып, бір отбасы болып тұрып жатқандары анықталды.
Сот ұйғарымымен талап қоюшы А. мен жауапкер Ә. екеуінің араларындағы некені бұзу туралы азаматтық іс бойынша медиация тәртібімен реттелген келісімі бекітіліп, аталған азаматтық іс бойынша тараптардың медиация тәртібімен келісімге келуін сот бекітуіне байланысты іс жүргізу тоқтатылды, сондай-ақ, бюджетке төленген мемлекеттік баж талап қоюшы А.-ға қайтарылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі