Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Миллионердің 7 қағидасы

Миллионердің 7 қағидасы

Fidelity Investments сауалнамасына сәйкес, бай адамдардың 86%-ына өздерінің жеке кәсібі мен инновациясы көмектескен. Сондай-ақ, олар төмендегі жеті қағиданы ұстанған.

Өз бюджетіңізді жасаңыз және соған қарай шығындалыңыз

Нағыз миллионерлер өздерінің тек табысын ғана емес, шығысын да бақылайды.

Ең алдымен бар қаржыны өзіңізге құйыңыз

Миллионерлер ақшаны жақсы өмір сүру құралы деп есептемейді. Олар үшін пұл – жинақтау мен инвестиция мүмкіндігі. Олардан үйренуге болатын жақсы әдеттердің бірі – өз табысыңыздың кем дегенде 10%-ын жинақтау шотына салып отыру – депозит!

Үлкен мақсаттар қойыңыз

Бай адамдар өз уақытын жоспарлауға қатты мән береді. Миллионерлердің 81%-ы іс-шаралар тізімін жасайды. Ал, Thomas Corley зерттеуіне сәйкес, орташа жағдайда өмір сүретін адамдардың тек 9%-ы ғана мұны қолданады екен. Нақты мақсат пен оған жетудің жолдары – жақсы нәтижеге жеткізеді.

Қарапайым өмір таңдаңыз

Миллионерлердің көпшілігі қанша байлығы болса да, қарапайым өмір сүреді. Мысалы, Уоррен Баффет есімді инвестор 1958 жылы сатып алған шағын үйінде тұрады. Америкадағы ауқаттылардың көбі қымбат көлікті емес, автобуста я болмаса метрода жүруді таңдайды.

Өзіңізге жұмыс істеңіз

Миллионерлердің жартысынан көбінің өз бизнесі бар, 16%-ы әкесінен қалған мұра арқылы байыған.

Жақсы қарым-қатынас құра біліңіз

Егер бизнесте табысқа қол жеткізгіңіз келсе, онда табысты кәсіпкерлермен жақсы қарым-қатынас орнатуыңыз керек. Үйренесіз, тәжірибе аласыз, тырысасыз!

Ақшаны мақсат ретінде емес, құрал деп қабылдаңыз

Нағыз миллионерлер ақшаны емес, мақсатына жетуді көздейді. Сондықтан да нақты мақсат құру – маңызды. Ал, ақшаны сол жолдағы бонус ретінде қабылдайды.
Өзіңіз қалаған нәрсемен айналысыңыз, жаныңызға жақын жолды таңдаңыз! Сол жолда білім алып, дамыңыз! Сонда ертелі-кеш миллионер атануыңыз ғажап емес!


15 қаңтар 2018 ж. 1 860 0

Ротация туралы не білеміз?

03 желтоқсан 2024 ж. 53

Ерекше жандар ескерілді

03 желтоқсан 2024 ж. 81

Тәуелсіздікті ту етемін

02 желтоқсан 2024 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031