Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Моңғолияға отандық балмұздақ экспортталады

Моңғолияға отандық балмұздақ экспортталады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов 2019 жылы экспорт саласында атқарылатын шаралармен бөлісті. Бұл туралы ол Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Сервистік қолдау аясында 2019 жылы 15 сауда миссиясын өткізу жоспарланып отыр. 2019 жылы Орталық Азия елдері, Қытай, Түркия, Біріккен Араб әмірлігінде сауда өкілдігін ашу жоспарланып отыр. Өкілдіктерді ашу арқылы экспорт көлемі бір жыл ішінде үш есе артады», - деді вице-министр.

Вице-министрдің айтуынша экспорттаушыларға мемлекеттік қолдау алуды жеңілдету мақсатында портал жаңартылданын атап өтті. Сол жерде олар керек ақпаратын алып, сауда миссиясына қатысуға өтінім бере алады.Сондай-ақ, ҚХР, БАӘ, Иран нарығына қазақстандық экспорттаушылардың шығуын жеңілдету үшін осы елдердің инвестициялық комиссиясын Қазақстанға шақыру жоспарланып отыр. 

«Биыл экспорттау географиясы кеңейеді. Темір жол өнімдері Египет, Әзербайжан, Өзбекстанға, аммиак селитрасы Грузияға, сары фосфор АҚШ, Чехия,  Германия, Польшаға, балмұздақ Моңғолияға, су, сүт, ет өнімдері Сингапур, Ауғанстан, Қытайға, жеңіл автокөлік Қырғызстанға, арматура Тәжікстана, мақсыр майы Жапонияға шығады. Сондай-ақ жаңа экспорт тауарлары пайда болады. 2022 жылы экспорт көлемі 1,5 есе артады деп күтіліп отыр», - деп айтты Қабыкенов.


28 қаңтар 2019 ж. 1 187 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031