Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аватар ауыстыру бойынша event-жоба жалғасып жатыр

Аватар ауыстыру бойынша event-жоба жалғасып жатыр

Аватар ауыстыру бойынша event-жоба жалғасып жатыр. Бұл туралы Қазақстан халқы ассамблеясы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының төрағасы Максим Споткай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше Қазақстандағы Жастар жылының ашылу салтанатында басталған және жастардың Мемлекет басшысының бастамаларын қолдауға бағытталған аватар ауыстыру бойынша акциямыз өз жалғасын тапты. Енді бұл жұмысты тек екі жастар ұйымы - «Жаңғыру жолы» мен «Жас Ұлан» жүргізбейді. «Жас Отан» жастар қанаты, «Болашақ» қауымдастығы, Қазақстан студенттері альянсы және өзге де ұйымдар өз сайттарында аватар үшін фреймдарды орналастыруда. Жалпы алғанда, акция қанатын кеңге жайды. Енді өзіміз де қанша жас қазақстандық азаматтың Президент бастамаларын қолдағанын нақты айта алмайтынымызды атап өткім келеді. Себебі, мысал келтірсек, jastar.inform.kz сайтында қазіргі кезде есептеуіш 88 мың адамды көрсетіп отырса, жастар ұйымдарының сайттарында есептеуіштер жоқ. Қалай болғанда да, біз қазақстандық жастарды бұл жобаға атсалысуға шақырамыз», - деді М.Споткай.

Оның пікірінше, акцияның жалпы қорытындыларын бір апта ішінде шығаруға болады, дегенмен, қазірдің өзінде жастардың Президент бастамаларын қолдаудың жоғары деңгейін көрсетуде.

Еске сала кетейік, сәрсенбі, 23 қаңтар күні «Жаңғыру жолы» және «Жас Ұлан» жастар ұйымдарының бастамасымен, «ҚазАқпарат» ХАА-ның қолдауымен жаңа жоба іске қосылған.

Бұған дейін хабарланғандай, Facebook әлеуметтік желісінің пайдаланушылары өз аватарын Generation Q парақшасына кіріп жаңарта алады.
24 қаңтар 2019 ж. 1 158 0

Сазгер кеші

01 маусым 2025 ж. 109

Шегіртке шепті бұза ма?

31 мамыр 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30