Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда көлікті тіркеуге 2-ақ сағат уақыт жеткілікті

Қазақстанда көлікті тіркеуге 2-ақ сағат уақыт жеткілікті

Қазақстанда бұрын көлікті тіркеу 6 сағатқа созылса, қазір 2-ақ сағат уақыт жұмсалады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкімет жанындағы ведомствааралық комиссияның барлық ұсыныстарын жүзеге асыру үшін 486 жол картасы бекітілді. Ал 2018 жылдың қорытындысы бойынша 76 қызмет оңтайланды. Біріншіден, жүргізуші куәлігін алу мен көлік құралын тіркеу электронды арыз арқылы қабылданады. Қазіргі уақытқа дейін бұл қызмет түрі 23 мың рет пайдаланылған. Бұдан бұрын бір көлікті тіркеу 6 сағатқа созылса, қазір 2-ақ сағат уақыт жұмсалады», - деді Д.Абаев.

Оның айтуынша, көлікті тіркеуді электронды форматқа ауыстырудың артықшылықтарын азаматтар сезініп үлгерді. Өйткені автомашинаны сату немесе сатып алу барысында 20 минут жеткілікті. Қағаз жүзіндегі құжаттар қажет емес. Бұдан бұрын ел тұрғындары көлік құралын тіркеу туралы акті, жеке куәлік, салық төлегені туралы құжат пен көліктің мемлекеттік тіркеуден өткен нөмірін көрсетулері тиіс еді.

«Қазпошта» арқылы дайын құжат пен көлік нөмірін жеткізіп беру мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, азаматтар өздеріне ұнаған кез-келген мемлекеттік көлік нөмірін иемденуге мүмкіндік алды. Екіншіден, әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғын дереу тексеріп алуға болады», - деді ол.

Үшіншіден, министрдің сөзіне қарағанда, проактивті тәртіп бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді жалғастыру жоспарланып отыр. Олар мүгедектік туралы, мүгедектікті анықтау, жәрдемақы тағайындау, ақшалай төлемдер, әлеуметтік төлемдер, протез-ортопедиялық көмек және тағы басқаларына байланысты қызметтерден тұрады.

«Осылайша аталған әлеуметтік көмектерді мүмкіндігі шектеулі жандар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келмей-ақ, кешенді түрде қабылдауға мүмкіндік алады», - деді министр.
15 қаңтар 2019 ж. 949 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031