Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баспасөз брифингі өтті

Баспасөз брифингі өтті

2018 жылғы 24 желтоқсан күні Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен (ары қарай - Департамент) «9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай облыста жарияланған айлық аясында атқарылған жұмыстары туралы Департамент басшысының орынбасары Байхожаев Берікбол Ұзақұлының және облыстық Арнайы мониторингтік топпен жүргізілген жұмыстар туралытоп басшысы Ізден Анар Жарылқасынқызының баспасөз брифингі өтті.

Брифингте Б.Байхожаев 2018 жылдың 26 қарашасы мен 26 желтоқсан арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы айлық аясында және А.Ізден Арнайы мониторингтік топпен атқарылған жұмыстар туралы баяндап, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Айлық барысында қоғамдық бақылау картасы және мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізу арқылы нақты шаралар қабылдайтын «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды. Осы арқылы, Мемлекет басшысының Жолдауындағы елорданың жемқорлыққа қарсы тәжірибесі «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы Сыр өңірінде де іске қосылды. Жобалық кеңсе ең алдымен сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, оған қарсы төзбеушілікті қалыптастыру бойынша жұмыс жасайды. Білім, денсаулық сақтау, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары, халықты әлеуметтік қорғау, мемлекеттік кірістер, сот және құқық қорғау органдары қызметтеріне талдау жұмыстарын жүргізеді.

Елімізде тұңғыш рет «Адал ұрпақ» еріктілер клубтарының облыстық штабы құрылып, өз жұмысын бастады. Штабтың мақсаты - жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелейтін «Адал ұрпақ» клубтарының жұмыстарын осы штаб арқылы үйлестіру болып табылады. Осы кезге облыстағы ерікті клубтардың жұмысын үйлестіретін, оларға методикалық көмек көрсететін арнайы орталықтың болмауы қиындықтар тудырып келген болатын. Қазіргі таңда облыстық штабта ұйымдастырылған жұмыстардың 500-ге жуық материалдық қоры осы штабта жинақталған. Аталған штаб дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернатында орналасты.

Жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары студенттерінің қатысуымен «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» жобасы жүзеге асуда. Жоба мақсаты - студенттік ортада сыбайлас жемқорлықты мүлдем төзбеушілікті және оған қарсы тұруға насихаттау, таза сессия шараларын қамтамасыз ету болып табылады. Осы жұмыстарды үйлестіретін базалық фронт-офис қызметі Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің №1 оқу ғимаратында ашылды.

Жастарды адалдық пен имандылыққа тәрбиелейтін «Адалдық дүкені» ашылды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу ғимаратында орналасқан дүкеннен оқытушылар мен студенттер қажетті затын алып, ақшасын арнайы жәшікке салады. Сатып алушыларды ешкім бақыламайды. Бейнекамера да, күзетші де жоқ. Жастарды жақсы қасиетке баулуды көздеген жоба

сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға да әсер етеді. Алдағы уақытта мұндай дүкенді өңірдегі барлық оқу орындарында ашу жоспарда бар.

Департамент облыстық әкімдікпен бірлесе отырып жас мемлекеттік қызметшілер арасында 11 команданың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты жайдарман сайысын өткізді. Аталған шараның мақсаты – қоғамда, оның ішінде жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, иммунитетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру болып табылады.

Облыс тұрғындарының сыбайлас жемқорлық мәселесіне көзқарастарын анықтау мақсатында «Сыр медиа» ЖШС-нің Ақпараттық талдау орталығы жүргізген әлеуметтік зерттеуге қатысқандардың 19 пайызы қиналған сәтінде пара беретінін білдірсе, 66 пайызы сыйақы немесе пара бермейтіндігін айтқан. Пара бермейміз деушілердің қатары өткен жылмен салыстырғанда 6,7 пайызға артып отыр.

Ал, «You&Me» Қоғамдық пікірді зерттеу орталығының Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау бойынша жүргізген социологиялық зерттеуіне қатысқан аймақ тұрғындарының 63,9 пайызы ешқандай жағдайда сыйақы/пара бермеймін десе, 73,2 пайызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендерін білдірген. Респонденттердің 83,3 пайызы пара немесе сыйлық беру жағдайына кезікпегендігін айтқан.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген қызметкерлерге қызмет бабында өздеріне сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауына тыйым салынады.

Мемлекеттік қызметші 2 айлық есептік көрсеткішке дейінгі заңсыз сыйақы алған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 677-бабына сәйкес 600 АЕК (1443000 тг) айыппұл салуға, ал заңсыз сыйлықты берген азаматқа осы кодекстің 676-бабына сәйкес 200 АЕК (481000 тг)айыппұл салуға негіз болады.

Егер, сыйақы көлемі 2 АЕК артық болса, онда ол пара ретінде бағаланады және оны алған тұлға да берген тұлға да қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Мемлекеттік қызметшіге білмей келiп түскен сыйлықтар жетi күн мерзiмде арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусіз тапсыруға жатады.

2017 жылы 3 мемлекеттік қызметкер 14 сыйлық өткізсе, биыл 8 мемлекеттік қызметші 22 сыйлықты арнайы мемлекеттік қорға өткізген.

Жаңа жыл мерекесі қарсаныңда 25-29 желтоқсан аралығында заңсыз сыйлық алу-беру фактілерін алдын алу мақсатында Департамент ҮЕҰ өкілдері, қоғам белсенділерімен бірлесіп топ құрылып, рейд шаралары жүргізіледі.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптары бұзушылықтарын алдын алу мақсатында Департаментпен мемлекеттік орган басшыларына Жаңа жыл мерекесін мейрамханаларда атап өтудің орнына қайырылымдылық шараларын өткізу жөнінде ұсыныс хат жолданды.
Бағдат Әбдіқадыров
Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы
28 желтоқсан 2018 ж. 1 498 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930