Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы қандай болады?
Үкімет Президенттің инфляция деңгейін 5-7% дәлізде сақтау туралы тапсырмасын орындауға тырысады. ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік пен өзге де тауар құны қалай өзгеретіні туралы айтты.
Инфляция 500-ден астам тауарға қатысты, яғни көкөніспен қатар, өнеркәсіптік тауарлар мен қызметтер қамтылып отыр. Олар бойынша қазір жағдай қалыпты. Атап айтқанда, тарифтерті төмендету бойынша іске асырылып жатқан Президент тапсырмасы тұрғысында инфляция 5-7% дәлізінде болады деген болжам бар, – деді министр Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан соң.
Ол бағаның тауарға сұраныстың артуына байланысты өзгеруі мүмкін екенін айтты.
Бұл жағдай түсінікті, себебі біз нарықтық экономикада өмір сүріп жатырмыз. Тауарға сұраныс артқан сайын, баға үнемі жоғарылай береді. Бұл тұрғыда қонақүйлерде жаз кезінде басқа қалыптасса, қыста баға керсінше төмендейді. Осы жағдайлар нарықтың аясында қалыптасып отыр және оған дайын болу керек, – деді Тимур Сүлейменов.
Министрдің атап өтуінше, азық-түлікті арзан бағамен сату үшін мемлекет тиісті дүкендерді ашуды жоспарламайды.
Егер де біз нарық жағдайында өмір сүргіміз келсе, онда біз оның оңтайлы тұстарымен қатар, бағаның өсуіне қатысты басқа да жақтарын қабылдауымыз керек. Қайталап айтамын, бұны министрлік те, Үкімет те істеп жатқан жоқ. Осы іс-қимылдар нарық субъектілеріне байланысты. Әрине, лимиттерді елемейтіндер байқалса, біз оларды монополияға қарсы реттеу тетіктері арқылы жазаға тартамыз, – деді ведомство басшысы.