Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздегі мешіттер Құрбан айтта 61 мың отбасына ет таратты

Еліміздегі мешіттер Құрбан айтта 61 мың отбасына ет таратты

Дін қызметкерлері құрбан айт күндері бүкіл ел аумағында 61 191 отбасына 439 тонна 943 келі құрбандық етін таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың тапсырмасына орай, мешіт таратқан құрбандық еті қарттар, жетімдер үйлеріне, ауруханалар мен қоғамдық ұйымдарға, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына, көпбалалы жанұяларға, жергілікті əкімдік ұсынған тізім бойынша тұрмысы төмен жеке тұлғаларға үлестірілді. Сонымен қатар, бүлдіршіндер мен кəмелетке толмаған балаларға арнайы сыйлықтар берілді» делінген хабарламада. Сондай-ақ, «Құрбан айтта қуандыр» атты қайырымдылық акциясына ел бойынша 2 мыңнан астам мешіт үлес қосты. Мешіт жанындағы арнайы орындар мен жергілікті əкімдік белгілеген нысандарда құрбан шалынды. Айта кетейік, биыл мұсылман қауымы құрбан айтты 21 тамыздан бастап тойлады.
inform.kz​​​



29 тамыз 2018 ж. 1 277 0

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 59

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 97

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 53

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 51

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 84

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031