Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Пойыз қозғалысы – жауапты міндет

Пойыз қозғалысы – жауапты міндет

Жылдың төрт мезгілінде де теміржол еңбеккерлерінің шаруасы қызу жүріп, ешқашан толас тапқан емес. Бұл ретте жолаушылар мен ауыл шаруашылығы жүктерін межелі жеріне жеткізуде пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін сақтаудың маңызы зор.
Жақында Қазалы жол дистанциясында аталған мәселенің жай-жапсары мен алдағы кезеңдегі жақсартудың жолдарына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Оған Қазалы стансасы желілік полиция бөлімшесінің бастығы Арман Диханов, Қазалы аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы Мұханбетқали Қайболдиев, аудандық білім бөлімінің әдіскері Берік Әбиев, Арал аудандық ветеринария бөлімі бастығының орынбасары Батырбек Сатекеев, бас маманы Қуатхан Қалпақов қатысты.
Басқосуда Қазалы жол дистанциясының бастығы Ахметғани Нұржанов шығысы – Қаракеткен, батысы – Аралқұм стансасы аралығын қамтитын ұжымдағы болат жол бойындағы сақтық шараларына байланысты атқарылған істерді тілге тиек етті. Оның айтуынша, осы кезге дейін темір жол бойындағы 5000-нан астам тұрғынға қауіпсіздік ережелері түсіндірілген. Сондай-ақ 2500-ге жуық адамға ҚР Кодексінің 439 бабының 1-5 тармағына сәйкес парақшалар таратылған. Мектеп оқушыларына теміржолдан өту жайлары туралы лекция оқылып, көлік полициясымен 18 рет рейд жүргізілген.
Теміржолға қараусыз малдардың шықпауын қамтамасыз ететін сым қоршаулардың 87,2 шақырымы жөнделіп, 10 шақырымы жаңадан тұрғызылып, іске қосуға мүмкіндік жасалған.
Бұдан соң темір жол өткелдерінің жай-күйі, ақаутапқыш арбашалар, рельс тізбектерінің жұмысы да назарға алынды.
Дөңгелек үстелге қатысқан сала мамандары күн тәртібіндегі мәселеге орай пікір алысып, пойыздар қозғалысына кедергі келтірмеу мақсатындағы ортақ міндетке белсене атсалысуға уәделесті.
С.БАХИЕВ
06 қараша 2018 ж. 1 473 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 159

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031