Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Кей жерде тұман, күшті жел болжанады. Жекелеген аумақтарда шаң аралас жел тұрады.
Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында күндіз 15-20 м/с жел соғып, оның екпіні 23-28 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерін тұман басып, желдің екпіні 15-23 м/с артады.
Қызылорда облысының кей жерінде 15-20 м/с екпіндегі желге шаңды дауыл араласады.
Павлодар, Қарағанды, Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Түркістан, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Түнде Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында 1-3 градус үсік жүреді.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.


13 қыркүйек 2018 ж. 940 0

Жұмбағы мол Жанкент

22 тамыз 2026 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31