Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады

Елбасы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады,- деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан Президентіне ұлттық компанияның бірінші жартыжылдықтағы қызметінің негізгі қорытындылары мен алдағы перспективаларына арналған жоспарлары жөнінде баяндалды. Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы мұнай-газ жобаларының барлығына қатысатын Қазақстандағы ірі өндіріс холдингтердің бірі екенін атап өтіп, энергетика секторын одан әрі дамыту үшін компанияның әлеуетін пайдалану қажеттігін айтты. «Бүгінде «ҚазМұнайГаз» белгілі бір даму деңгейіне жетті және құрылымды оңтайландыру, технологиялық үдерістерді цифрландыру, IPO-ға шығуға әзірлік барысын қамтитын трансформация кезеңін бастан өткеруде», - деді Қазақстан Президенті. Сауат Мыңбаев Мемлекет басшысына энергия ресурстарына деген әлемдік бағаның компания табысына әсер етуі тұрғысынан мұнай нарығындағы ахуалы жөнінде баяндады. Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.
31 тамыз 2018 ж. 1 461 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 217

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 152

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031