Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан халқын жаппай қымбатшылық күтіп тұр ма?

Қазақстан халқын жаппай қымбатшылық күтіп тұр ма?

Үкіметте ұсыныстың басы қымбаттатудан басталды. Астық құны өссе, жанармайы қымбат болса, қоса шарықтайтын нан бағасы не болмақ?
Елімізде бидайдың құны онсыз да рекордттық межеге өсіп үлгерген. Оның үстіне шаруалар пайдаланатын дизель отынының бағасы да шарықтап тұр.
Елімізде биыл 20 миллион тонна астық жинауды жоспарлап отыр. Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шүкеев биылға жаздағы құрғақшылықты ескеретін болсақ, бұл көрсеткіш өте жақсы дейді.
«Жаңа өнімнің бағасы, егер былтыр бидай 35 мың теңге деңгейінде сатылса, қазіргі таңда 3-ші сыныпты бидайдың 1 тоннасы 48-49 мың теңге тұрады. Біз бағаның одан әрі көтерілуін күтудеміз», — дейді Шүкеев.
Министрлік өкілдері бұл жағдай мемлекетке пайда әкелмесе, зиян келтірмейді деп отыр.
«Баға көтеріліп, бүгінгі бағада тұратын болса, біздің ауылшаруашылықтарына, біздің фермерлерге ол баға жақсы деп есептейміз», — дейді Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Берік Бейсенғалиев.
Нанның бағасына әсер ететін тағы бір фактор — дизель құны. Өмірзақ Шүкеев мемлекет бөлген арзандатылған жанармай аймақтарға нарықтық бағамен жетіп жатыр деп премьер-министрге шағымданды.
Ал Энергетика министрі Қанат Бозымбаев болса, бәленің бәрі облыстардағы тасымалдаушы операторлардан деп ақталды.
«Энергетика министрлігінің құзыретіне кірмейді. Бұл мәселені Ауыл шаруашылығы министрлігі және тиісті жергілікті органдар реттеу керек. Мысалы 150 теңгеден алады, біздің есеп бойынша 160-тан сату керек. Одан көп болмауы керек», — дейді Энергетика министрі.
Ауыл шаруашылығы министрлігі басшылары жылдағыдай мемлекет тарапынан арзанға бидай сату арқылы нарықтағы бағаны реттейміз деп отыр.
Жоспарланған 20 миллион тонна астықтың жеті миллионы ғана экспортталады десек, қалған бөлігі ішкі нарыққа сатылады екен. Демек, бұл бидайдан тартылған ұнның бағасын қымбаттатпау үшін қазынадан көп ақша жұмсау қажет болатын сияқты.
kyn.kz

24 тамыз 2018 ж. 1 173 0

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 58

Есірткі туралы ертегі

17 қаңтар 2025 ж. 59

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 102

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 118

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031