Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елді шулатқан "Менттер үйінің" қайда орналасқаны анықталды

Елді шулатқан "Менттер үйінің" қайда орналасқаны анықталды

  Желіде тарап кеткен «Менттер үйі» деген жазуы бар ғимараттың Түркістан қаласында орналасқаны анықталды. Ғимарат "Менттер үйі" емес, "Департаменттер үйі" деп аталады екен. Белгісіз біреулер маңдайшадағы жазу ілініп жатқан кезде суретке түсіріп алып, оны желіге таратып жіберген деп жазады NUR.KZ.
  «Сурет ғимарат атауын орнату кезінде түсірілген. Негізінде ол "Департаменттер үйі" деп аталады. Аталған ғимаратта Түркістан облысының департаменттері орналасатын болады. Бұл суретті кім және қандай мақсатта түсіріп алғаны түсініксіз", - деп түсінік берді Түркістан облысы әкімдігі.
  Қазіргі таңда Түркістан облысының әкімдігі Түркістан қаласына көшіп жатыр. Облыстық әкімдікке қарасты әр ғимараттың маңдайшасына оның атауы да орнатылуда.
  Еске салсақ, желіде "Менттер үйі" деп аталатын ғимараттың суреті таралып, оның Астанада орналасқаны айтылған еді. Сонымен бірге, қазақстандықтар бұл ғимарат полицейлерге арналған жатақхана деп болжаған еді.
Алайда елорда әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
15 тамыз 2018 ж. 1 818 0

Қазалының Балтабайы еді

31 қаңтар 2026 ж. 120

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031