Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында күн электр станциясы салынады

Қызылорда облысында күн электр станциясы салынады

Қызылорда облысында күн электр станциясы салынады. Жобалық қуаттылығы - 30 мегаватт. Құны 12 млрд теңгеге жуықтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Күн электр станциясы Жалағаш ауданында салынады. Қазіргі таңда жоба сараптамадан өткізіліп жатыр. Оны инвесторлар есебінен салу жоспарланып отыр. Аталмыш мақсатта Жалағаш ауданы аумағынан 164 гектар жер аумағы бөлінген.
«Бұл жоба Сыр өңірінің экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді деген үміттеміз. Нәтижесінде өзге аймақтарға бұл жөнінен тәуелділіктен арылып, тариф бағамын реттеуге оң әсерін тигізеді. Қазір экологиялық және экономикалық тиімділігіне сараптама жүргізілді. Осы мақсатта тұрғындар арасында қоғамдық тыңдау өткізілді. Тұрғындар қолдау жасап отыр», - деді Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Жасұлан Еспенбет.
Мамандардың айтуынша, аталмыш жоба үстіміздегі жылы басталып, 2019 жылы аяқталады деп күтілуде. Аталмыш станциядан 20 вольттық ток шығару ойластырылған. Жоба жүзеге асқаннан кейін 15 адам тұрақты еңбек көзімен қамтылады деп күтіліп отыр.
14 тамыз 2018 ж. 1 446 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031