Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарағандылықтарды жерге қадалып тұрған 72 пышақ шошытты

Қарағандылықтарды жерге қадалып тұрған 72 пышақ шошытты

 
  Қарағанды тұрғыны балалар алаңына жақын маңдағы гүлзарда жерге қадалып тұрған пышақтардың үстінен түскен. Ол жүзге тарта суық қаруды видеоға түсіріп, инстаграм әлеуметтік желісіне жариялаған. Сыры беймәлім пышақтардың табылғандығы жайлы видео ғаламторда жарияланғаннан кейін қарағандылықтардың ойы сан-саққа жүгірді, деп жазады Baq.kz аймақтағы тілшісі.
  Кристина Самсонова Оңтүстік-Шығыс шағын ауданындағы балалар ойын алаңында қара жерге қадалып тұрған көптеген пышақтарды көрген. Бірден құқық қорғау органдарының қызметкерлерін шақырған Кристина пышақтарды гүл егумен айналысатын жұмыскерлер қалдырып кетуі мүмкін деген ойға келген.
  «Таңертеңге 9-да жұмысқа бара жатып, балалар ойын алаңынының жанындағы шыршаның астынан көптеген пышақ тауып алдым. Жұмыскерлер қалдырып кеткен болуы мүмкін деп ойладым. Бір қап пышақ жинадым. Бұл жерде балалар ойнайды. Егер олар пышақтарды менен бұрын тауып алса не болар еді? Бірден полицияға хабарладым. Менен жауап алынды, жазбаша түсініктеме жазып бердім. Полиция қызметкерлері суық қаруларды алып кетті», - дейді К.Самсонова.
  Оның айтуынша, гүлзарда қадалып тұрған пышақтардың түрі, түсі, формасы бірдей және суық қарулар бұрын қолданылмаған, жаңа. Бір жерден осындай көп мөлшерде пышақты көрген Кристина таңданысын жасыра алмай, видеоға түсіріп, инстаграм әлеуметтік желісіне жүктеген. Shock_krg парақшасында жарияланған видеоға 250-ге тарта ғаламтор қолданушысы пікір қалдырған. Олардың кейбіреуі осыншама пышақтың жерге қадалып тұруы тылсым жағдай екендігін айтып, мұның сырын табуға тырысыпты.
  «Жұмыскерлерге 72 пышақтың не қажеті бар. Ол жерде осыншама адам жұмыс істемеген шығар. Және де гүл егіп, абаттандырумен айналысатындар пышақпен жұмыс істемейді. Бұл қандай да бір діни секта құрамындағылардың ісі болуы мүмкін. Олар пышақтарды жерге тығу арқылы діни рәсім жасаған. Әйтпесе бір жерде, бір мезетте бірдей суық қарудың жерге қадалып тұруының сыры неде?», - дейді Настя есімді пікір қалдырушы.
  Қарағандылықтар бұл еріккен жастардың ісі болуы мүмкін деген нұсқа да ұсынады.

Baq.kz
24 шілде 2018 ж. 1 471 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930