Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматтың айтқандары

Алматтың айтқандары

Университет қабырғасында бірге оқыған қармақшылық Алмат Қайырқұлов кез келген жерде сөзді тауып айтатын қабілеті бар әзілқой жігіт. Сол бір топ қағытпаларды газетімізге жариялап отырмыз.
Дауын сұрасайшы...
Өзінен Түркістанға бір ай бұрын келген сыныптасы Алматты базарға ертіп шығады. Сауда орнына кіре берісте қауын-қарбыз сатып тұған әйелге жақын келген қыз:
– Әпше, дарбыз беріңізші, – дейді сол жергілікті сөйленіске салып. Мұны естіген Алмат:
– Қойшы, Жадыра, қасына дауын ала салмадың ба? – депті табан астында.
Екі адам жүр
Топтасымыз Жұлдыз арамыздан алғашқы болып тұрмысқа шықты. Оның сәби күтіп жүргенін барлығымыз қызық көретінбіз. Бірде кітапханаға кірсек, оқу залында Жұлдыз жүр екен. Топтасып кіріп, кітапты қойын-қонышына сүңгітетін студенттер әдетінен шаршаған кітапханашы «біртіндеп кіріңдер» дегенді айтты. «Біз кітап ұрламаймыз. Іште жүрген қыз группаласымыз. Бәріміз бір кітапты қараймыз», – деп рұқсат сұрап, әрең көндірдік. Залға кірісімен Алмат:
– Апай, Сіз «бір-бірден кіріңдер» деп едіңіз, мұнда екі адам жүр ғой, – деді маған көзін қысып қойып. Аң-таң болған кітапханашы:
– Қой, бір қыз ғана кірді, – деп бізге жақын келіп. Әлекең саспай:
– Жұлдыз, мен рас айтып тұрмын ғой, екі адамсыңдар ғой я, – деді.
– Иә, екі адамбыз, – деді күлкісін тия алмай. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» дестік.
Айнұр, Айгүл, қалайсыңдар?
Түркология факультетінде бізден бір курс төмен оқыған Айгүл, Айнұр Көмекбаевалар қатар тұрғанда, айырмасын байқау қиынға түстетін. Оларды көргендердің: «Сен, Айгүлсің ба, Айнұрсың ба?» деген сұрақтарынан жауыр болған ағайындылар амандасқандарға өз аттарын қоса айтатын. Бірде егіздердің бірін көрген Алмат:
– Айгүл, Айнұр, қалайсың? – демесі бар ма. Залды тұғандар қыран-топан күлді.
Алтын ӘДІЛХАНҚЫЗЫ
06 мамыр 2024 ж. 324 0

Музей – тұнған тарих

18 мамыр 2024 ж. 103

Бегім ана берген сый

18 мамыр 2024 ж. 153

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031