Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Әкімшілігінің жаңа басшысы тағайындалды

Президент Әкімшілігінің жаңа басшысы тағайындалды

Бұл қызметті Айбек Дәдебаев атқаратын болды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», делінген ресми хабарламада.

Айбек Дәдебаев 1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.

2001-2002 жылдары Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық туризм менеджменті кафедрасында оқытушы болған.

2008-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының парламентаралық байланыс және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, Сенат төрағасының көмекшісі міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.

2011-2013 жылдар аралығында атташе, Женевада Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігінің үшінші хатшысы болған.

Одан кейін алты жыл Парламент Сенаты төрағасы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі лауазымдарын атқарған.

2019-2021 жылдар аралығында Президент Кеңсесі бастығының орынбасары болды.

2021 жылғы 28 мамырдан бастап 2022 жылғы 11 қаңтарға дейін Президент Іс Басқарушысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

2022 жылғы қарашадан бастап ҚР Президентінің Іс Басқарушысы қызметін атқарды.
06 ақпан 2024 ж. 390 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 48

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 39

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 52

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 52

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 54

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031