Қоғамдық дәретханалар несімен қауіпті
Қоғамдық дәретханаларда адамдар үшін ашық жатқан кез келген зат қауіпті, себебі оның суын ағызғанда олар жан-жаққа шашырайды. Бұл туралы Conversation ғылыми журналы жазды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Басылым хабарлағандай, сабын салғышта, қағаз сүлгілерде және қол жуғышта шамадан тыс бактериялар болады. Олар дені сау адамның өзін сырқатқа шалдықтыруы мүмкін. Адамдар бұл заттарды қажеттілігін өтегеннен кейін пайдаланады, сондықтан онда микробтар көптеп жиналады.
Сонымен қатар, дәретхана есіктері де өте лас болады, себебі қоғамдық туалеттен шыққан кез келген адам қолдарын жуа бермейді.
Мамандар ауру жұқтыру қаупін төмендету үшін мына ережелерді сақтауға кеңес береді. Қоғамдық дәретханаға барған жағдайда есіктің тұтқасын қағаз сүлгімен ұстаңыз, қол жуғышты қағаз сүлгімен ашып жабыңыз. Осылайша бактериялармен байланыс тәуекелі төмендейді.
Кейбір зерттеулерге сәйкес, бірқатар адам дәретханада отырып телефонмен сөйлеседе, сонда тамақ ішеді. Бұл гигиена талаптарына сай емес. Басылым атап өткендей, телефонда дәретханаға қарағанда он есе көп бактериялар болуы мүмкін.
Дәретхана орындығы аса қауіпті емес, себебі бактериялар адамдарға қолы мен аузы арқылы барады. Бұдан басқа, бактериалардың басым бөлігі еденде, есік тұтқасында және дәретхана кабинкасында тұратын қағаз сүлгіде болады. Осы ретте, қоғамдық дәретханаларда көп отырмауға кеңес береді.