Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүзікті қандай саусаққа салған дұрыс?

Жүзікті қандай саусаққа салған дұрыс?


Әдетте, адамдар таңдаған жүзіктерін қай саусаққа тағудың дұрыс екендігінің байыбына барып ойлана бермейді. Шын мәнінде, жүзіктің өз егесіне тигізер әсері өте көп екен. Мұнда тастың сапасына ғана емес, қай саусаққа тағып жүретіндігі де маңызды рөл атқарады. Тағып жүрген жүзігіне қарап адамның мінезін, ойын оп-оңай біліп алуға болады. Сондай-ақ, дұрыс саусаққа тағылған жүзік адамның мінезін өзгертіп, қиындықтан шығуына жәрдемші де бола алады.

Бас бармақтағы жүзік

Мінез-құлқы. Бұл «жүзіктің әміршісі» өте қызғаншақ, бірбеткей, тың идеяларға бай болып келеді. Олар топтан дараланып, көшбасшы болуға талыпынып жүреді. Және өз айналасындағылармен тіл табысуға көп көңіл бөледі.

Маман кеңесі. Психолог мамандар эмоциональды және энергияға бай жандарға бас бармаққа жүзік салуға кеңес береді. Өйткені бас бармаққа тағылған жүзік ойлау қабілетінің дамуына ықпал етеді екен.

Жүзік. Көк, жасыл түсті кез келген тастан жасалған жүзіктерді (адамның өмірге деген құштарлығын оятып, жүйке жүйесін тыныштандыратын қасиеті бар) және тасы сары түсті жүзікті (жүйке жүйесін нығайтады) таңдаған жөн.

Сұқ саусақтағы жүзік

Мінезі. Саусақтың аты айтып тұрғандай, оның қызметі – жол көрсетіп, өз әмірін жүргізу, ой мен әрекетті бағыттау, бұйрық беру. Әдетте, сақинасын бұл саусаққа салып жүретін адамдар еркіндіксүйгіш, тәуелсіз және өзіне тым жоғары баға беретіндер болып келеді. Егер жүзік сұқ саусаққа жиі тағылатын болса, адам өзімшіл және тәкаппар болып кетуі әбден мүмкін.

Маман кеңесі. Жасқаншақ, ұялшақ және табиғатынан шегіншек, ортамен тіл табысуға қиналатын адамдарға тағуға кеңес беріледі. Өйткені сұқ саусақтағы жүзік өзіне деген сенімділік тудыруға, көшбасшылық қасиеттерді ұялатып, мақсат қоя білуге және өзіне баға бере білуге үйретеді.

Жүзік. Көк және көгілдір тасты алтын жүзіктерді таққан жөн. Жылтыр тастар мен маржан тастар да жақсы, бірақ күміске жоламағаныңыз сіз үшін дұрыс болмақ.

Ортаңғы саусақтағы жүзік

Мінез-құлық. Жүзік иесі адамгершілік құндылықтарды біледі және жоғары бағалайды. «Адалдық» деген ұғымды асқақ тұтады. Айналасындағыларға «ұстаз» болуға жарайды. Ал кейде аталған саусаққа сақина салып жүргенді ұнататындар тұйық және жалғыздыққа құмар болып келеді.

Маман кеңесі. Өмірде қиындыққа жолығып, сәтсіздікпен жолдас болып жүргендерге, тұрақтылық пен ақыл жетіспей, сарсаңға түсіп жүргендерге тағуға кеңес беріледі.

Жүзік. Темірден және күмістен жасалған ай (көкшіл мөлдір тас), күлгін, қара тасты жүзіктерді таққаныңыз жөн. Алтын жүзіктерге қызықпауға кеңес беріледі.

Аты жоқ саусақтағы жүзік

Мінез-құлқы. Өткен жолы неке жүзігінің не себепті аты жоқ саусаққа тағылатындығына тоқталып өткен болатынбыз. Алайда, адамдар дәл осы саусаққа неке жүзігін ғана тақпайды. Ондай адамдар романтикалық және нәзік болып келеді. Олар ерекше әрі қайталанбас нәрселерге, салтанатқа, сезімге құштар адамдар. Көбіне аты жоқ саусаққа сақинаны шығармашылық адамдары салып жүреді екен.

Маман кеңесі. Ішкі жылулықты күшейтуге талпынып, сәттілікпен жолдас болуды армандайтындарға, өз дарынын мойындатып, шығармашылықтың биігіне шыққысы келетіндерге тағуға кеңес беріледі.

Жүзік. Інжу, қызыл, сары түсті тасты алтын жүзіктер сізге сай келеді.

Шынашақтағы жүзік

Мінез-құлқы. Бұл адамның актер, суретші, жазушы немесе дизайнер болуы әбден мүмкін. Ал кейде оның құмар ойындарды ұнатушы, жанкешті немесе әйелқұмар жігіт болуы да ықтимал. Өйткені жүзікті шынашаққа қарапайым адамдар сала бермейді. Қалай болғанда да, олар көпшіл, тез тіл табысқыш болып келеді.

Маман кеңесі. Адамдарды түсінуден мақұрым қалған және іскерлік қатынастарды орнатуда жолы болмай жүргендерге шынашақтарына сақина салып жүруге кеңес беріледі.

Жүзік. Сары және жасыл тасты жүзіктерді таңдап алғаныңыз абзал.
22 маусым 2018 ж. 2 227 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 269

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031