Жемқорлықты жою - ортақ мақсат
Фото
«Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында іс-шаралар жоспары бекітілген.
«Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында іс-шаралар жоспары бекітілген.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, олардың салдарын жою жөнінде үнемі қызметкерлерге құқықтық сауаттандыру мақсатында ай сайын құқықтық оқулар, семинарлар өткізіліп келеді.
Өткізілген құқықтық оқуға қысқаша тоқталатын болсақ осы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында мүдделер қақтығысы дегеніміз – жа уапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өз лауазымдық міндеттерін орындамауына орындамауына алып келуі мүмкін. Сыбайлас жемқорлық – жау апты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алуы болып табылады делінген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер осы Заңда белгіленген және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулерді ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері жазбаша қабылдап таныстырылған. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Сондықтан да мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсау керек.
Р. ЖАҢАБАЕВ,
Сарбұлақ ауылдық округі әкімі