Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа көпір ел игілігіне

Жаңа көпір ел игілігіне


Тәуелсіздік мерекесіне орай бүгін Қызылорда қаласында «Батыс-Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі бойындағы жол айырығына салынған жаңа көпірдің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Данияр Жаналинов қатысып, сырбойылықтарды жаңа көпірдің ашылуымен құттықтады.

- Мереке қарсаңында облысымызда әлеуметтік маңызы бар жаңа нысандар ашылып, тұрғын үйлер, жаяу жүргіншілер көпірлері халыққа пайдалануға берілуде. Міне, бүгін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі бойында жол айырығына салынған жаңа көпір ел игілігіне табысталмақшы. Жаңа көпір құрылысына республикалық және облыстық бюджет есебінен - 5,7 млрд теңге қаржы бағытталды. Бұл көпірдің басты қызметі - Қызылорда қаласының сол жағалау бөлігіндегі халықаралық маңызы бар автокөлік трассасын қауіпсіз және үздіксіз көлік ағымымен байланыстыру болып табылады. Аталмыш нысанның бас мердігер мекемесі «Bazis Construction» ЖШС-не барша облыс тұрғындары атынан алғысымды білдіремін, - деді Данияр Жаналинов.


Айта кетейік, дәл осындай темір жол үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірі қаланың екі жерінде салынды. Ал «Қызылжарма» каналы арқылы Бәйтерек шағын ауданына өтетін жаңа көпір жақын күндері пайдалануға беріледі. 
Келер жылы құны 4,7 млрд теңге болатын Жанқожа батыр көшесі арқылы темір жол астынан өтетін автожол құрылысы басталады. 

Қызылорда облысының
Өңірлік коммуникациялар қызметі
17 желтоқсан 2023 ж. 497 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 118

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930