Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстық мәслихаттағы фракция мүшесі қабылдау өткізді

Облыстық мәслихаттағы фракция мүшесі қабылдау өткізді


Бүгін аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде бекітілген кестеге сәйкес облыстық мәслихат депутаты, «РЗА-Агро» ЖШС директоры Имандосов Нұрлан Самұратұлы қабылдау өткізді.

Қабылдауда болған Әйтеке би кентінің тұрғыны (тұрғынның өтінішіне сәйкес аты-жөні көрсетілмеді) ем-дом шараларына қаржылай көмек беруін, банктерден алған несиесіне байланысты банкомат карточкалары жабық болуына орай несиесін төлеуге көмек жасап, әлеуметтік қолдау көрсетуін сұрады. Келесі өтініш Әйтеке би кенті, Н.Бекежанов көшесі 11 А үйдің тұрғыны, зейнеткер Серік Қожақов ватсап желісі арқылы 5 квартал 116 учаскесіне автомобиль жолын салуға көмек жасауға өтініш білдірген.

Халық қалаулысы әрбір өтініштің қараусыз қалмайтындығын айтып, С.Қожақовтың өтінішіне сәйкес ҚР қолданыстағы заңнамалар аясында тиісті бөлімдер арқылы шешілу жолына жұмыс жасайтынын және қаржылай көмек көрсетуді сұраған тұрғынның мәселесіне орай зерделеу жұмыстарын жүргізіп, өз назарына алатынын жеткізді.
#AMANAT
17 қазан 2023 ж. 383 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930