Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет мемлекетке қайтарылған жерлерді халыққа мал жаю үшін беріп жатыр

Үкімет мемлекетке қайтарылған жерлерді халыққа мал жаю үшін беріп жатыр

Былтырдан бері мемлекетке 8,5 млн га астам жер қайтарылған, оның 2,8 млн гектары пайдалануға берілді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды kaz.nur.kz
Тамара Дүйсенованың сөзінше, пайдаланылмай бос жатқан немесе бір кезде заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін, оның ішінде жайылымдық жерлерді қайтару үшін белсенді жұмыс жүргізілуде. "2022 жылдың басынан бері 8,5 млн гектардан астам жер қайтарылды, оның 2,8 млн гектары қазірдің өзінде елдің игілігіне берілді. Қайтарылған жердің көбі халыққа мал жаю үшін беріліп жатыр. Бұл ретте тиісті заңнамалық актілерге жайылымдарды пайдалану мәселесі бойынша өзгерістер енгізу үшін Парламент депутаттарының бастамасымен ауқымды жұмыс жасалып жатқанын атап өткім келеді", - деді Тамара Дүйсенова Премьер-министрдің орынбасары бұл өзгерістер жайылымдарды басқа жер түрлеріне ауыстыруға тыйым салу, оларды мал жаю үшін резервке қою, жайылымдық жерлерді алу нормативтерін ұлғайту және басқа да нормалар арқылы жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретінін атап өтті.
11 қазан 2023 ж. 188 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930